«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру шеңберінде сондай-ақ квазимемлекеттік секторда олардың құрамына азаматтық қоғам мүшелерін тарта отырып, қоғамдық кеңестер құру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қоғамдық кеңесінің хатшысы - Макажанов Нурлан Ныгмеджанович n.makazhanov@invest.gov.kz