Инвесторлық визаны рәсімдеу үшін өтініш алуға не негіз болып табылады?+

- өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі; - өтініш берушінің Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы; - өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаның іске асырылуын растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымдарының болуы.


% пайдаланушылар жауап пайдалы деп санайды

Жоқ

Өтініш бергеннен кейін инвестициялық келісімшартты жасау қанша уақытты алады?+

Қарау мерзімі 27 жұмыс күнін құрайды.


92% пайдаланушылар жауап пайдалы деп санайды

Жоқ

Инвестициялық келісім-шарт жасасу үшін не істеу керек?+

Инвестициялық келісімшарт жасасу үшін инвестор Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға – ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетіне мемлекет белгілеген нысан бойынша өтінім беруі қажет. Инвестициялық преференциялар беруге өтінім e-лицензиялау (elicense) веб-порталында беріледі.


90% пайдаланушылар жауап пайдалы деп санайды

Жоқ

IRS тарту квотасы деген не және ол не үшін қажет?+

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған Квота-Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілген шекті саны. Егер сіздің компанияңыз келесі жылы шетелдік жұмыс күшін тартуды жоспарлаған жағдайда, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін квотаға өтінім беру керек. Квотаға өтінімді жұмыс беруші Экономикалық қызмет түрі бойынша қалыптастырады.


90% пайдаланушылар жауап пайдалы деп санайды

Жоқ

Инвесторлық визаға кім өтініш бере алады?+

Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары және/немесе басшыларының орынбасарлары және / немесе құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, АХҚО инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері


% пайдаланушылар жауап пайдалы деп санайды

Жоқ

Еңбек визасына өтініш беру үшін не қажет?+

С 3 санаттағы еңбек визасын ресімдеу үшін ШЖК жұмыс орны бойынша жергілікті атқарушы органнан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қажет. Квоталауды сақтау және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талаптарынан босатылған адамдардың тізімі "Халықтың көші-қоны туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабында айқындалған.


% пайдаланушылар жауап пайдалы деп санайды

Жоқ


Пікір қалдыру
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге