Қоғамдық кеңес

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қоғамдық Кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялаймыз

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 24-тармағына сәйкес «KAZAKH INVEST «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – KAZAKH INVEST) KAZAKH INVEST Қоғамдық Кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушылар: ҚР азаматтары және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.

Жұмыс тобының сандық құрамы*:

KAZAKH INVEST - 3 (үш) адам;

Азаматтық қоғамнан (азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) - 7 (жеті) адам.

* Басқарма Төрағасының а.ж. 16 мамырдағы № 41-П бұйрығымен құрылған, KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы болып айқындалды.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.       

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру күнінен кейін 10 (он) жұмыс күні.   

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

қолма-қол мекен-жайы бойынша: KAZAKH INVEST, 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55/20, блок С 4.1.

немесе электрондық мекенжайға: info@invest.gov.kz

Байланыс телефондары: жеткізу мәселелері бойынша 8 (7172) 620-627, ұсынылатын құжаттар мәселелері бойынша 8 (7172) 620-609.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат 18 (он сегіз) жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Өтінім қабылданбаған кездегі шарттар:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болуы;

  2. Сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуға;

  3. Психикалық мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұруға міндетті.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде бір адам бір ғана Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.

Ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  1. коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

  2. кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

  3. психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама;

  • Наркологиялық ұйымнан;

  • Психоневрологиялық ұйымнан.

Ескерту: KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам өкілдерінің барлық жұмысы өтеусіз негізде жүргізіледі.

 

 

 

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге