«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 806 қаулысына сәйкес, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ акциялар пакетіне меншік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілді.
- «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ 2018-2027 жылдарға арналған даму жоспары Қазақстан Республиикасы Үкіметінің жылғы желтоқсандағы № 900 қаулысымен бекітілді.
Экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
Орталық Азия, ТМД мен өтпелі экономикасы бар бірқатар елдерде шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жетекші агенттік болу