"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялаймыз

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 24-тармағына сәйкес «KAZAKH INVEST «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – KAZAKH INVEST) KAZAKH INVEST Қоғамдық Кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушылар: ҚР азаматтары және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.

Жұмыс тобының сандық құрамы*:

KAZAKH INVEST - 2 (екі) адам;

Азаматтық қоғамнан (азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) - 4 (төрт) адам.

* KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының а.ж. 16 мамырдағы № 41-П бұйрығымен айқындалған.

Конкурсты өткізу мерзімі: Конкурс туралы хабарландыру күнінен кейін 10 (он) жұмыс күні.       

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн.      

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

қолма-қол мекен-жайы бойынша: KAZAKH INVEST, 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55/20, блок С 4.1.

немесе электрондық мекенжайға: info@invest.gov.kz

Байланыс телефондары: жеткізу мәселелері бойынша 8 (7172) 620-627, ұсынылатын құжаттар мәселелері бойынша 8 (7172) 620-609.

Ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • ҚР азаматының жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;
  • коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
  • кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Ескерту: KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша азаматтық қоғам өкілдерінің барлық жұмысы өтеусіз негізде жүргізіледі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге