Баспасөз релиздері

Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің отырысы 2020

Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің отырысы 2020

Ағымдағы жылдың 28 қазанда онлайн форматта екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Аустрия Федералды экономика палатасының Вице-Президенті, ҚАІК тең төрағасы-Р.Шенц, Аустрия Елшілігінің Сауда кеңесшісі К.Махаль, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, ҚАІК тең төрағасы – М.Пішембаев, Аустрия Республикасының Қазақстандағы елшісі – В. Кемпель, Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі – К. Омаров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы - Б. Сартбаев, Индустрия және жабдықтар саласындағы жобалау менеджері – Э. Савойе, «ҚӨДИ» ЖШС директоры - М.Ыдырысов қатысты.

Отырыс барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.

Соңғы жылдары Қазақстан-Австрия ынтымақтастығы оң динамиканы көрсетуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда австриялық капиталдың қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына 15 жыл ішінде салынған австриялық инвестициялар көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларға жетті.

Отырыс аясында машина жасау, цифрландыру, энергия тиімділігі, жасыл экономика, агроөнеркәсіптік кешен және өзара сауданы кеңейту салаларындағы ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Қазақстан мен Аустрияда өткізілетін екіжақты іс-шараларға машина жасау саласы өкілдерінің өзара қатысу тәжірибесі оң бағаланды. Атап айтқанда, аустриялық өкілдер 2020 жылғы 20-21 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан машина жасаушылар одағының 8-ші форумына белсенді қатысты.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы М.Пішембаев екі ел бизнесінің кооперациясын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Аустрияның Экономикалық палатасының Вице-Президенті Р.Шенц Қазақстан Аустрияның аймақтағы басым серіктесі болып табылатынын және аустриялық фирмалар ел экономикасына инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан тарапынан ҚР-ға озық аустриялық технологияларды тартудың және кадрлық әлеуетті дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бұл құжат экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, кездесу аясында іскерлік топтардың өкілдері сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету, екі ел компаниялары арасында тікелей байланыстар орнату шарттары мен мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге