Баспасөз релиздері

БҚО-да шетелдік инвесторлардың қатысуымен 11 жоба іске асырылуда

БҚО-да шетелдік инвесторлардың қатысуымен 11 жоба іске асырылуда

Батыс Қазақстан облысында инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 2,6 млрд.  АҚШ долларын құрайтын  11 жоба іске асырылуда. Бұл ақпарат Инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы барысында айтылды. 

Отырыс барысында «Kazakh Invest» Басқармасының төрағасы Біржан Қанешев ұлттық компанияның қызметі туралы әңгімеледі және Батыс Қазақстан облысының шетелден инвестициялар тарту әлеуетінің зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол өңірдің инвестициялар үшін тартымдылығы оның стратегиялық және географиялық орналасуымен, үлкен табиғи-ресурстық әлеуетімен байланыстылығын атап өтті.

Өз кезегінде БҚО әкімі Алтай Күлгінов өңірдің инвестициялық тартымдылығы оның экономикалық дамуының негізгі факторы екендігін баса айтты.

Өңір басшысы атап өткендей, атқарушы органдар Батыс Қазақстан облысының инвестициялық климатын жақсартуға және өңіраралық байланыстарды нығайтуға мүдделі. Бұл ретте ол инвесторларды тарту процесінде жобалардың барлығы бірінші кезекте өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес болуы керектігіне назар аударды.

Батыс Қазақстан облысының инвестициялар тарту бойынша  2018-2022 жылдарға арналған өңірлік стратегиясы әзірленіп, бекітілген, оның шеңберінде инвестицияларды бүкіл цикл бойына қолдау жұмысы жоспарланған. 

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз етеді.

Отырыс барысында өңірлік өкілдік директоры Әнуар Ниетқалиев өкілдіктің қызметі туралы және облыстың әлеуеті жайлы баяндады. Атап айтқанда, өңірде жалпы сомасы 2,6 млрд.  АҚШ долларын құрайтын  11 жоба іске асырылуда. Бұған қоса, Әнуар Ниетқалиев кеңеске қатысушыларды жалпы сомасы 739 млн. АҚШ долларын құрайтын 9 тауашалық жоба туралы хабардар етті.

Отырыс жұмысына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша  департаментінің басшысы Болат Исаков қатысты, ол «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» («Protecting Business and Investments») жобасының бастау алғандығы жөнінде айтып берді.

Бұл жобаны іске асыру қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік өкімет институттарына сенімін арттыруға, шетелде елдің оң имиджін қалыптауға ықпал ететін болады. Департамент басшысы атап өткендей, жобаны Агенттік «Kazakh Invest» ұлттық компаниясымен бірлестікте жүзеге асыруда.

Сонымен қатар өзінің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Kazakh Invest» Басқармасының төрағасы Біржан Қанешев «Смарт Орал» орталығының қызметімен танысты және жұмыс тобымен follow-up жобаларын, тауашалық жобаларды талдады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге