Баспасөз релиздері

ҚХР-да Қазақстан-Қытай симпозиумы өтті

ҚХР-да Қазақстан-Қытай симпозиумы өтті

Экономиканың басым секторларындағы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Чжэцзян провинциясындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық симпозиумы алаңында таныстырылды. Чжэцзян провинциясына жұмыс сапары аясында іс-шара жұмысына ҚХР-дағы "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ өкілдері, сондай-ақ CHINT Group, Dahua Technology, Power China, Wahaha Group және т. б. сияқты Қытайдың ірі компанияларының басшылары қатысты. Симпозиум ҚР-ның Шанхай қаласындағы Бас консулдығының, халықаралық сауданы ілгерілету жөніндегі қытай кеңесінің (CCPIT) және Қытай халықаралық сауда палатасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында CCPIT Төрағасының орынбасары Чжэцзян Чжан Циншань кездесу қатысушыларын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және CCPIT қызметіне, сондай-ақ провинцияның шет елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытуға қатысты ақпаратпен хабардар етті.


Өз сөзінде ҚР-ның Шанхай қаласындағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қазақстан-Қытай инвестициялық форумының негізгі мақсаттары -Қазақстан мен Қытай іскер топтары өкілдерінің арасында жаңа және ұзақ мерзімді байланыстар орнату, сондай-ақ екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» Қытайдағы бас өкілі Қуаныш Амантай қытай компанияларының назарына Қазақстанның инвестициялық климатын таныстырды, ҚР экономикасының басым секторларындағы инвестициялық жобалар үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы, сондай-ақ Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» өкілдігі Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығымен бірлесіп, «Wahaha Group» атты ауыз судың ірі өндірушілерімен, «CHINT» Электр энергетикасы саласындағы өнім өндірушілерімен, сондай-ақ «DahuaTechnology» Smart City технологияларын өндірушілерімен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, ҚХР-дағы автоөндірушілер көшбасшыларының бірі «Geely Group» басшылығымен пәндік келіссөздер жүргізілді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ болашақ бірлескен инвестициялық жобаларды және оларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.


Анықтама үшін: Geely Group-Қытайдың ірі автомобиль жасау концерндерінің бірі. 1986 жылы құрылған. Штаб-пәтері Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында орналасқан. Geely компаниясына Қытайда орналасқан тоғыз зауыт тиесілі. Geely Group жыл сайынғы автомобиль сатылымы бойынша ҚХР-да көшбасшы болып табылады, сонымен қатар компанияның автомобильдері әлемнің 24 елінде сатылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге