Баспасөз релиздері

Астана қаласында Kazakhstan Global Investment Roundtable 2018 атты ғаламдық инвестицияларға арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр

Астана қаласында Kazakhstan Global Investment Roundtable 2018 атты ғаламдық инвестицияларға арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр

Бүгін, 3-шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.

KGIR-2018-ге әлемнің ірі компанияларының және отандық бизнестің 600-ден астам жетекшілері, ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, энергетика, инвестиция және даму министрліктерінің басшылары, әлемдік саясаткерлер, сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық корпус қатысады. Астанаға Қазақстанның инвестициялық дамуын талқылау үшін Түркиядан 60 инвестор, АҚШ-тан 43, Германиядан 37, Ұлыбританиядан 60, Қытайдан 49, Франциядан 28, Ресей Федерациясынан 30, БАӘ 74 және т.б. келіп жетті. 

Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін паш ету, инвестициялық, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілік саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын талқылау. KGIR-2018 шарасында 2017 жылдың тамызында қабылданған Қазақстанның Ұлттық инвестициялық стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелері қарастырылады.

KGIR-2018 Дөңгелек үстел бағдарламасы «Қазақстан: жаңа міндеттерге ұмтылу» атты пленарлық отырыс және 8 тақырыптық сессиядан тұратын болады («Әртараптандырылған экономикаға жаңа нарықтар құру», «Еуразиялық аймақтың логистикалық әлеуеті», «Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру», «Қазақстанның энергетикалық әлеуеті - дамудың жаңа кезеңіне инвестициялар», «Агроөнеркәсіп: жаңа жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», Астана  халықаралық қаржы орталығы - еуразиялық қаржы нарықтарына кіру», «Еуразиялық цифрландыру күнтізбесі – 4.0 салалық инфрақұрылымды дамыту», «Металлургия және тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері»). Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен және CNBC әлемдегі ірі бизнес-телеарнасының серіктестіктігімен өткізіледі. Оған қоса, осы күні Bloomberg-пен бірлесіп, іс-шараға қатысушыларға арналған дөңгелек үстел өткізіледі. Ол жерде трансұлттық компаниялардың 20-дан астам жетекшілері Қазақстанның инвестициялық дамуының өзекті мәселелерін іскерлік сұхбат форматында талқылайды.

Kazakhstan Global Investment Roundtable  шеңберінде жалпы құны 4,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 32 коммерциялық құжаттарға қол қойылды, ол жоғары технологиялық жобаларға инвестиция тартуға және ел экономикасының барлық салаларын қамтуға қолайлы: 

- фармацевтика саласында: «Kazakh Invest» және «ТНК Servier JSC» компанияларының арасындағы фармацевтикалық препараттарды өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы өзара түсіністік меморандумы; 

- машина жасау саласында: Қарағанды облысының әкімдігі мен Hebei Hua Tong Cable компаниясы мен т.б. арасында кабель өнімдерін өндіру бойынша жобаны жүзеге асырудың жол картасы.

- жеңіл өнеркәсіп саласында: бірінші кезеңде гофрленген картон пакеттерін өндіру бойынша интеграцияланған зауыт салу және екінші кезеңде ақ және қоңыр қағаздар жасау туралы «Kazakh Invest» және «Cukurova Holding» түрік компаниясы арасындағы меморандум. Шикізат ретінде гипс картон пакеттерін шығаруға арналған қайталама макулатура қолданылады. Сондай-ақ, иірілген жіп пен мата өндіретін зауытты іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұдан басқа, Алматы облысындағы қамысты қағаз өнімдерін өндіру туралы меморандумға қол қойылды. 

- агроөнеркәсіптік кешен саласында: Eursian Agro Holding компаниялар тобы мен Австралиялық Cedar Meats Australia компаниясымен ет өңдеу зауытының жобасын жүзеге асыру туралы ынтымақтастық туралы меморандум. Бұдан басқа, «Kazakh Invest» және «Agro Best Group» түрік компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оған сәйкес өсімдік қорғау өнімдерін шығаратын зауыт ашылады. «Kazakh Invest» және «Dal Holding» түрік компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның аясында көкөніс қоймасын, газ турбиналық электр станциясын құру мақсатында аумағы 200 гектарды құрайтын жылыжай кешені салынады. Сонымен қатар Kazakh Invest қытайлық Hangzhou Qiandaohu xinLong Sci-tech компаниясымен көлемі 12 мың тонна балық және 2000 тонна уылдырықты құрайтын бекіре балығын өсіру және өңдеу туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, Алматы облысының әкімдігі мен «Phoenix Global DMCC» арасында жеміс өңдеу бойынша кластер құру туралы меморандумға қол қойылды. 

мұнай және газ химия саласында: Kazakh Invest және БWest Hydrocarbons Commercial Investment компаниялары арасында келісімге қол қойылды, оның шеңберінде заманауи мұнай өңдеу зауыты салынады. Осы саладағы тағы бір қол қойылған меморандум қатарына «НИНТ» АЭА аумағында метанол мен олефинді өндіру жобасын іске асыру үшін Атырау облысының әкімдігі мен Сингапурдың WestGasOil компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумы кірді.

- логистика саласында: «Semurg Invest» компаниясы және «Partnership Fund Invest» қоры арасында Құрық порты бойынша көп функциялы теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. 

- IT-саласында: «КТЖ Экспресс» АҚ мен Trans.eu поляк компаниясымен «KTZ Express» үшін мультимодальды тасымалдау жүйесін құру бойынша IT-жобаны іске асыру туралы ынтымақтастық меморандумы. Сондай-ақ, «Kazakh Invest» және Францияның Idemia Identity және Security France компаниясы арасында Массачусетс бағдарламасы аясында автоматтандырылған фото/бейне түсірілім жүйесін, жол қозғалысы ережелерін бұзу, әуе жолаушылар туралы мәліметтерді жинаудың автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу бойынша МЖӘ бағдарламасына қатысты жобаларды жүзеге асыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

- бөлшек сауда саласында: «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен «Decathlon Kazakhstan» француз компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде спорттық киімдер мен жабдықтарды сату және одан кейін өндірісті оқшаулау (300 млн. АҚШ доллары, 4 800 жұмыс орны) мақсатында дүкендер желісі құрылады. 

- ТМК саласында: Жамбыл облысының әкімдігі мен «Dal Holding» түрік компаниясы арасында Жамбыл облысындағы жылына 75 мың тонна барит концентратын өндіруге арналған тау-кен байыту комбинатын салу және пайдалануға беру туралы өзара түсіністік туралы меморандум. 

- жаңартылатын энергия саласындағы: Қызылорда облысының әкімдігі мен «Total Eren» арасында, «Kazakh Invest» және «Eni SpA» арасындағы «Kazakh Invest» және «ECM Technologies» арасында, Қарағанды облысының әкімдігі мен «Шнайдер Электрик» арасында, Түркістан облысы әкімдігі мен Urbasolar арасында,  «Kazakh Invest» және «North West Power Company» компаниясы және т.б. арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

Бұдан басқа Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Польша, Ресей, Қытай және т.б. сияқты 13 елден трансұлттық компаниялармен сегіз жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.  

Анықтама:
The Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) - бұл 500-ге жуық ұйымның шақыру бойынша жиналған кездесуі, атап айтқанда халықаралық және қазақстандық коммерциялық және қаржылық басшыларының, инвесторлардың, пікір қайраткерлерінің және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің бірегей жиналысы. Бұл форум Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың бастауымен экономикалық даму үшін жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен құрылған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге