Баспасөз-релиздері

Баспасөз-релиздері

KAZAKH INVEST бизнес-қоғамдастықпен диалогқа қатысуы ЕУРОБАК-тың жыл сайынғы жиналысында атап өтілді

KAZAKH INVEST бизнес-қоғамдастықпен диалогқа қатысуы ЕУРОБАК-тың жыл сайынғы жиналысында атап өтілді

Алматыда Қазақстанның Еуропалық Бизнес қауымдастығы мүшелерінің - ірі халықаралық және қазақстандық компаниялардың, сондай-ақ дипломатиялық қауымдастықтың өкілдерінің жыл сайынғы жиналысы өтті. Қауымдастықтың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шараға құрметті қонақтар ретінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және "KAZAKH INVEST "ҰК"АҚ-ның өкілдері қатысты.

KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Қанешев іс-шарада құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті туралы ақпаратты таныстырды.

Шараға қатысушылар атап өткендей, ЕУРОБАК-тың негізгі басымдықтарының бірі Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бизнес пен мемлекет арасында диалог жүргізу үшін тиімді алаң құру болып табылады. Мемлекеттік құрылымдар мен квазимемлекеттік сектордың және қаржы институттарының үлкен   қызығушылығы өзара түсіністікті және сындарлы диалогты нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу барысында қатысушыларға Қауымдастықтың өткен жылғы қызметінің нәтижелері және 20 жылдық жұмыс кезеңіндегі негізгі жетістіктері туралы есеп ұсынылды. Іс-шара соңында ЕВРОБАК серіктестердің сіңірген еңбегін атап өтіп, көпжылдық ынтымақтастық пен қолдау үшін алғыс білдірді.

Анықтама:

Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясы - 1999 жылы еуропалық компаниялар мен Еуропалық Одақ делегациясының бастамасы бойынша құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. ЕУРОБАК өз құрамында 140-тан астам   әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компанияларды, Еуропа мен әлемнің басқа да елдерінің дипломатиялық миссиялары біріктіреді. Қауымдастық Қазақстан мен Еуропа арасындағы іскерлік және қоғамдық салалардағы диалогты ілгерілету мен орнатуда үлкен рөл атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге