Баспасөз релиздері

Түркия ЖЭК және телекоммуникация салаларына инвестиция салуға мүдделі

Түркия ЖЭК және телекоммуникация салаларына инвестиция салуға мүдделі

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан аумағында бірнеше озық инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау үшін «SINLAK HOLDING» ірі түрік компаниясының сапарын ұйымдастырды.

Шетелдік холдингтің басшысы Сердар Шинлактың Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесуі аясында инвесторға инвестициялық ахуал, қаржы құралдары, жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары және Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат ұсынылды.


Өз кезегінде «SINLAK HOLDING» басқарма төрағасы Сердар Шинлак экономиканың түрлі салаларында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру ниеті туралы хабарлады.

«SINLAK HOLDING» бірінші бағыты аясында одан әрі 1000 МВт дейін кеңейтумен 100 МВт күн электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыруда. 

Сонымен қатар, түрік холдингі GSM (MNO/MVNO) телекоммуникация саласында өзіндік инновациялық шешімдерді қолдануға маманданған. Инвесторлар бес елдегі негізгі желілік операторлар ретінде «Lyca Mobile» британдық компаниясының серіктестері болып табылады. Инвесторлар қазақстандық телеоператорлармен ынтымақтастықты жолға қоюға және осы саланы дамытуға жәрдем көрсетуге ниетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

Айта кету керек, сапар аясында компания уәкілетті мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор өкілдерімен және жергілікті серіктестермен бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Анықтама: ŞİNLAK Holding - бұл қорғаныс, энергетика, телекоммуникация, БАҚ және жеке инвестициялар саласында жұмыс істейтін 18 компаниядан тұратын топ. Холдинг 1962 жылы құрылған және Түркия мен халықаралық нарықтарда қорғаныс, энергетика және телекоммуникация саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге