Баспасөз релиздері

Svevind Energy GmbH «жасыл» сутегі жобасы үшін мамандарды даярлау бағдарламасын қаржыландырады

Svevind Energy GmbH «жасыл» сутегі жобасы үшін мамандарды даярлау бағдарламасын қаржыландырады

Маңғыстау облысының кадрлық әлеуетін дамыту, сондай-ақ Yessenov University базасында өңірде «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі жоба үшін тиісті жоғары дәрежелі мамандарды даярлау мақсатында Svevind Energy GmbH компаниясы мен Қазақстан-Германия университеті (DKU) арасында ынтымақтастық жолға қойылды.

DSCF1632.jpg

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Svevind Energy GmbH компаниясының техникалық директоры Питер Бернхардт пен DKU президенті, доктор, профессор Роммель Волрад 30 мың еуро сомасына оқыту бағдарламасын ішінара қаржыландыру туралы Келісімге қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Hyrasia Energy (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) компаниясының бастамасымен Қазақстанға Германияның 7 жетекші техникалық жоғары оқу орны келеді. Ақтаудағы Yessenov University базасында осы жылдан бастап бакалавр және магистратура бағдарламалары іске қосылады. Екі немесе үш дипломы бар жоғары дәрежелі энергетиктерді, геологтарды, экологтарды, логистерді, алдыңғы қатарлы инженерлерді, диджитал мамандарын шығару жоспарлануда.

DSCF1660.jpg

Анықтама: Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында 2 млн.тонна «жасыл» сутегі өндіретін зауыт салу жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны шамамен $50 млрд құрайды, ал өндірілетін «жасыл» электр энергиясының жалпы қуаты – 40 ГВт. Жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде 3500-ге жуық жұмыс орнын және нысандарды кезең-кезеңімен пайдалануға беру кезеңінде 1800-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге