Баспасөз релиздері

Жаңа CRM жүйесі Kazakh Invest шетелдік сұраныстарын қарастырады

Жаңа CRM жүйесі Kazakh Invest шетелдік сұраныстарын қарастырады

Kazakh Invest халықаралық компаниялар және инвесторлармен өзара әрекеттестікті қадағалау және басқару үшін CRM жетекші жүйесін іске қосқан.

Іске қосу әлемдік бизнес және әлеуетті инвесторлардан Kazakh Invest келіп түсетін ақпараттық сұраныстардың артуына алып келді. Осы жылы CRM жүйесі инвесторлармен өзара әрекеттестік мүмкіндіктерін кеңейту және Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында ертерек қолданысқа берілді.

Жаңа CRM жүйесінде жобалар мен олардың дәрежесі, қатысушылары, қаржылық көрсеткіштері, инвестициялар көлемі, жер және инфрақұрылымдық қажеттіліктерге жобалар ұсыну жөнінде толық ақпарат қамтылады. Жүйе әрбір инвестор үшін байланыс деректемелерін, оның жобаларын жүзеге асыру дәрежесін ұсынады.

CRM жүйесі қолданысқа берілген сәтінен бастап Kazakh Invest әр түрлі мемлекеттердің инвесторлары және кәсіпкерлерінен 169 сұраныс алған. Әлеуетті инвесторлар мемлекеттік қолдау шаралары,  визаға қойылатын талаптар, шетелдік азаматтарды еңбекке орналастыруға рұқсат және бизнесті тіркеу туралы ақпараттарға  invest.gov.kz ресми сайтында сұраныс берген.

Kazakh Invest мамандандырылған Call-орталығына жүгінген жағдайда инвестор әкімшілік және коммуникациялық мәселелерден бастап, әлеуметтік және медициналық қолдау мәселелеріне дейін тап болуы ықтимал кез келген мәселенің шешімін табу үшін жәрдем ала алады.

Kazakh Invest – Қазақстанға тікелей инвестициялар тарту үшін жауапты ұлттық компания. Kazakh Invest компаниясының CRM жүйесі инвесторларға хабарламаларды Kazakh Invest онлайн жіберуге және 24/7 консультация мен қолдау алуға мүмкіндік береді. Әлеуетті инвесторлар Kazakh Invest компаниясының call-орталығына +7 7172 620620 телефоны арқылы хабарласа алады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге