Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Түркия машина жасау саласында ынтымақтық орнатуға келісті

Қазақстан мен Түркия машина жасау саласында ынтымақтық орнатуға келісті

Қазақстандық делегация Стамбулдағы «Win Eurasia» халықаралық көрме алаңында Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша машина жасау саласындағы түрік компанияларының басшыларымен бірқатар келіссөздер өткізді. Делегация құрамына Қазақстан машина жасау одағының (ҚМЖО) Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Ахметов, сондай-ақ «Maker», «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС сияқты қазақстандық компаниялардың бірінші басшылары кірді.


Түрік бизнесімен кездесуде Мейрам Пішембаев Қазақстанның машина жасау саласының дамуы туралы айтып, Қазақстандағы машина жасау өнімдерінің өндірісі мен импорты көлемінің өсіп келе жатқан динамикасын атап өтті.

«Машина жасау өнімі Қазақстан импортының жартысына жуығын алып отыр. Бұл өз өндірістерімізді дамыту қажеттілігін көрсетеді. Біз шетелдік инвесторларды Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға және біздің нарықты және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің нарығын бірлесіп игеруге шақырамыз», - деп толықтырды КМЖО басшысы.

Сондай-ақ, кездесу қатысушыларын өнеркәсіптік кооперация перспективаларымен, мұнай-газ және тау-кен металлургия машина жасаудағы өзара тиімді ынтымақтастықпен таныстырды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Ахметов түрік серіктестеріне Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырды, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, қаржы құралдары, ҚР аумағында инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары және т. б. туралы айтып берді.


«MAKFED» Директорлар кеңесінің төрағасы Аднан Далгакиран Қазақстан бауырлас ел және Түркияның маңызды серіктестерінің болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанда жүзеге асыру үшін әлеуетті жобаларды қарастыруға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде қазақстандық делегация әріптестерін «Қазақстан машина жасаушыларының Х форумына» және «Kazakhstan Machinery Fair 2022» машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық мамандандырылған көрмеге шақырды.

Сапар аясында жаңа бастамаларды егжей-тегжейлі талқылау және ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысу үшін қазақстандық делегацияның Түркияның аса ірі зауыттарына бірқатар сапарлары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Dalgakiran Kompressor», «Türbosan», «Omega Motor», «EAE» сияқты өнеркәсіптік компрессорлық жабдықтарды, қозғалтқыштарды, моторларды және т. б. өндіру жөніндегі ірі зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар түрік бизнесінің Қазақстанға жауапты сапары туралы келісті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге