Баспасөз релиздері

Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі компаниялары Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі компаниялары Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін инвестициялық дөңгелек үстел қарсаңында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Дубайда әмірлік  компанияларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Mohammed Omar Bin Haider (MOBH) холдингінің төрағасы Мохаммад Омар Бин Хайдермен кездесу өтті. Холдинг құрамына экономиканың түрлі салаларындағы 75-тен астам компания кіреді. MOBH холдингінде әлемнің 32-ден астам елінде 7000-нан астам адам жұмыс істейді.

Кездесу барысында туризм, қонақ үй бизнесі, денсаулық сақтау, мұнай-химия, энергетика және машина жасау салаларындағы ықтимал инвестициялық жобалар талқыланды.

ОАЭ - 4.jpeg

Мейіржан Юсупов сондай-ақ Al Badie Group  бас операциялық директоры Ясин Әл Камаспен кездесті. Al Badie Group БАӘ-дегі жетекші қаржылық конгломераттардың бірі болып табылады, оның қызметі жобаларға тікелей инвестициялау, сондай-ақ оларды қаржыландыру. Кездесу барысында Ясин Әл Камас Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқанын айтты. Өз кезегінде Мейіржан Юсупов туризм және өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды, атап айтқанда, азот тыңайтқыштарын өндіру жобаларын әмірлік компанияның қарауына ұсынды.

ОАЭ - 2.jpeg

Келесі кездесуді Ұлттық компания басшысы Danube Group компаниясының басшыларының бірі - Ариф Бхалдармен  өткізді. Компания айналымы $3 млрд астам өңірде құрылыс материалдарының ірі өндірушісі болып табылады. Компанияның әлемнің 10-нан астам елінде 31 филиалы бар.

ОАЭ - 3.jpeg

Кездесу барысында компания өкілдері Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын ашу және Қазақстанда перспективалық Орталық Азия аймағын қамтитын өкілдік ашу мүмкіндітері туралы айтты.

Сондай-ақ БАӘ сапары барысында Ұлттық компания делегациясы Danube Group компаниясына тиесілі композиттік алюминий панельдерін шығаратын Alucopanel зауытының өндірістік алаңында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге