Баспасөз релиздері

Қазақстан-Пәкістан: ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Қазақстан-Пәкістан: ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Қазақстан мен Пәкістанның экономикалық әріптестігін кеңейту перспективалары Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы бірлескен жұмыс тобының 1-ші отырысы шеңберінде қаралды.

Отырысқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті, «KAZAKH INVEST», «QazTrade», сондай-ақ бірқатар қазақстандық компаниялардың басшылығы қатысты.

Пәкістан тарапын Пәкістан сауда министрлігі, TDAP ұйымы (Пәкістан сауданы дамыту басқармасы), Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, сондай-ақ Пәкістан мемлекеттік органдарының өкілдері таныстырды.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің директоры Қуат Жолдыбеков ҚР-да инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және «KAZAKH INVEST» қызметі туралы айтып берді.


«KAZAKH INVEST инвесторларға қызметтердің толық спектрін ұсына отырып, инвестициялық қызметті қолдау бойынша ұлттық оператор деңгейінде қызмет көрсетеді. Әлеуетті инвесторлар үшін біз ел туралы толық ақпаратты, сондай-ақ салалық шолуларды және ең бастысы, біздің команда дайындаған нақты инвестициялық ұсыныстарды ұсынамыз. Біз инвесторлардың Қазақстанға мақсатты сапарларын ұйымдастырамыз және оларға стратегиялық жергілікті әріптес табуға көмектесеміз», - деп толықтырды Қуат Жолдыбеков және Пәкістан компанияларының бизнес-қоғамдастығын өзара тиімді ынтымақтастыққа және Қазақстан аумағында бірлескен өндірістер құруға шақырды.

Сонымен қатар, онлайн кездесу барысында өзара сауда көлемін ұлғайту перспективалары және Қазақстан мен Пәкістан өндірісінің өнімдерін сертификаттау мәселелері талқыланды.  Бұдан бөлек, 23-25 қараша аралығында Қазақстан-Пәкістан бірлескен бизнес-форумын, сондай-ақ Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 10-шы отырысын өткізу жоспарлануда.

Келіссөздер соңында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге