Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Египет инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Египет инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер 7 ақпанда Мысырда өткен Қазақстан-Мысыр бизнес-форумы алаңында талқыланды.

Іс-шараны Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР-дың Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырды. Египет тарапынан - Мысырдың Сыртқы істер, сыртқы сауда және индустрия министрлігі, Оңтүстік Синай провинциясының әкімшілігі және Мысырдың сауда палаталары Федерациясы.

Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Өзбеков инвестициялық мүмкіндіктерді, инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың өзекті шараларын, сондай-ақ Қазақстанда іске асыру үшін дайын инвестициялық ұсыныстарды таныстырды.

«KAZAKH INVEST түрлі салалардағы 100-ден астам жобаның нақты тізімін ұсынады. Халықаралық консалтингтік компаниялармен бірлесіп, әрбір жоба үшін тизер, бизнес жоспар және қаржы моделі әзірленді. Инвестициялық жобалардың осындай тізімінің болуы инвесторлардан Қазақстанда қандай салалар мен өңірлерге инвестициялау қажет деген сұрақтарды алып тастайды. Бүгінгі таңда біз Мысыр инвесторларына ұсыну үшін экономиканың басым салаларындағы ең тартымды жобаларды іріктедік», - деді Ғ.Өзбеков.

Сонымен қатар, Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырумен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, ал өзара сауда мен өнім экспортын дамыту мәселелерін бойынша «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Калигазин сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Ғалым Өзбеков Египеттің Инвестициялар және еркін аймақтар жөніндегі Бас басқармасының (GAFI) атқарушы төрағасы Мухаммад Ахмад Абдель Уахабпен кездесу өткізді. Мухаммад Ахмад Абдель Уахаб атап өткендей, бүгінгі таңда GAFI Мысырдағы компаниялардың инвестициялық қызметі мен тіркелуін реттейтін негізгі мемлекеттік орган болып табылады. Компанияның есебінде экономиканың түрлі салаларында 100-ге жуық табысты іске асырылған жобалар және АӨК, туризм, көлік және инфрақұрылым, құрылыс, ЖЭК және т. б. салаларында 42 мега-жоба бар. Бүгінгі таңда компанияның пайплайнында 350-ге жуық жоба бар. Сондай-ақ $53,1 млрд жиынтық капиталы бар тіркелген компаниялардың саны 22 мыңнан асты. Өткен жылдың нәтижелері бойынша Gafi қолдауымен Мысырға шетелдік инвестициялардың таза ағыны $7,5 млрд. құрады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша KAZAKH INVEST пен GAFI арасында арнайы келісімге қол қойылды. Құжат шеңберінде тараптар тұрақты негізде тәжірибе, перспективалық инвестициялық ұсыныстар алмасуды, сондай-ақ бірлескен жұмысты одан әрі үйлестіру үшін жол картасын дайындауды жоспарлап отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге