Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST әлеуетті инвесторлар үшін вебинарлар сериясын бастады

KAZAKH INVEST әлеуетті инвесторлар үшін вебинарлар сериясын бастады

KAZAKH INVEST сайтында «2022 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбында онлайн вебинар өтті.

Investment Task Force инвестициялық бөлімшесінің энергетика және тұрақты даму жөніндегі жоба менеджері өзінің құттықтау сөзінде жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары туралы айтты. Осылайша, Асхат Бекеновтың айтуынша, жаңартылатын энергия көздерінің нысандарымен электр энергиясын өндіру басым қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген.

KAZAKH INVEST жобасының менеджері Лейла Гимранова қатысушыларға компания қызметі және «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға көрсетілетін қызметтер туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушыларға инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен инвестициялық преференцияларды алу тетігі туралы ақпарат берілді.

photo1661173104(1).jpeg

Вебинар барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі КОРЭМ департаментінің директоры Абай Құланбай қатысушыларды қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды. Сонымен бірге, ол Қазақстанда жаңартылатын энергия секторының дамуы туралы айтты.

Аукционның өту барысын «КОРЭМ» АҚ нарықты дамыту департаментінің директоры Ақнұр Шағырбаева мен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС өкілі Мадияр Сапарғалиев түсіндірді. Сондай-ақ қаржы қамтамасыз ету түрлері, құжаттар мен есептерді дайындау шарттары мен мерзімдері туралы мәселелер талқыланды.

ЕҚДБ өкілдері ағымдағы жылдың жобалық аукциондарының құжаттамасы туралы ақпарат берді.

Вебинарға 118 қазақстандық және шетелдік компаниялардан 150 адам қатысты.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі KAZAKH INVEST-пен бірлесіп, USAID, ЕҚДБ, аукционды ұйымдастырушы «KOREM» АҚ, «KEGOC» АҚ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қатысуымен бірқатар вебинарлар ұйымдастырды.

Келесі вебинар 2022 жылдың 7 қыркүйегіне жоспарланған. Тіркелу және вебинар бағдарламасы мына жерде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге