Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Дүниежүзілік инвестициялық конференцияға қатысты

KAZAKH INVEST Дүниежүзілік инвестициялық конференцияға қатысты

Ағымдағы жылдың 12-14 қыркүйегінде Женевада Инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) ұйымдастырған Дүниежүзілік инвестициялық конференция (WIC) өтті. Шараға 100-ден астам елден 400-ден астам қатысушы жиналды.

Биылғы 26-шы WAIPA флагмандық конференциясы «Тікелей шетелдік инвестициялардың болашағын қалыптастыратын инвестицияларды ынталандыру агенттіктері» тақырыбымен өтті. Конференцияда цифрландыру, тұрақты инвестициялар, жаһандық трендтер, ESG, жаңартылатын энергия және жаһандық құн тізбегі бойынша панельдік сессиялар өтті. Конференцияда халықаралық ұйымдардың басшылары, қаржы институттарының басшылары, жетекші саяси қайраткерлер, жеке сектор өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, экономистер мен сарапшылар баяндама жасады.

WhatsApp Image 2022-09-19 at 18.26.10 (1).jpeg

Қатысушылар инвестиция тартудағы негізгі жаһандық мәселелері мен сын-қатерлерді талқылауға және тәжірибе алмасуға, жаңа бизнес мүмкіндіктері мен серіктестіктерді құру мақсатында осы мәселелердің практикалық шешімдерін білуге ​​және табуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің әлеуетін арттыру мақсатында, инвестицияларды ынталандыру жөніндегі қызметкерлері үшін инвестиция тарту мүмкіндіктерін арттыру бойынша және олардың қажеттіліктері туралы бірқатар семинарлар өткізілді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Сәкен Олжабаев инвестиция тартудың өзекті мәселелері мен тенденцияларын, сондай-ақ оларды тарту үдерісіндегі жаңа тәсілдерді талқылауға белсенді қатысты.

WhatsApp Image 2022-09-19 at 18.26.10.jpeg

Бұл ретте ЮНКТАД, WAIPA, AZPROMO, Invest India және іс-шараның басқа да қатысушыларымен институционалдық ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды.

Анықтама:

Инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) 1995 жылы Швейцария заңы бойынша құрылған. Қауымдастық Женевада үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген. Өзінің кең ауқымды қызметі арқылы WAIPA Инвестицияларды ынталандыру агенттіктеріне (IPA) желіге қосылу, инвестицияларды жылжыту бойынша озық тәжірибелермен бөлісу және ақпарат жинау жүйелерін нығайту мүмкіндігін береді. Бүгінгі таңда Қауымдастыққа әлемнің түкпір-түкпірінен 120-дан астам агенттік қатысады, олардың ішінде Қазақстан кіреді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге