Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST халықаралық тау-кен өнеркәсібі көрмесіне қатысты

KAZAKH INVEST халықаралық тау-кен өнеркәсібі көрмесіне қатысты

23 мамырда Астанада саланың 200-ден астам жетекші кәсіпорындарының басшыларын жинайтын Қазақстанның тау-кен конгресі өз жұмысын бастады. Пленарлық отырыста Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық мүмкіндіктері туралы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба жетекшісі Бауыржан Айтқұлов баяндама жасады. Сессияның модераторы Ұлттық компанияның Басқарушы директоры Азамат Қожанов болды.

Іс-шара тау-кен индустриясының негізгі компанияларының тәжірибесімен алмасуға, кәсіпорындарды, инфрақұрылым объектілерін салу мен жаңғыртудың ірі инвестициялық жобаларын талқылауға, жаңа кен орындарын игеруге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының тиімділігін арттыру мүмкіндіктеріне арналған.

image-179.jpg

Б.Айтқұлов өз баяндамасында компанияның қызметі, тау-кен саласында жұмыс істейтін инвесторларды ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары туралы айтты.

«Тау-кен металлургия өнеркәсібі еліміздің экономикасында шешуші рөл атқарады, сондықтан инвестиция тарту және осы саладағы жобаларды қолдау – біздің басым бағытымыз. Қазақстанда қатты пайдалы қазбалардың ірі кен орындарының айтарлықтай саны бар, олар қазіргі уақытта жеткілікті рентабельді емес және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларын талап етеді. Бұл жобаларға инвесторларды ынталандыру стратегиялық жобаларды дамытуға және жаңа кен орындарын ашуға тың серпін болады», - деді жоба жетекшісі.

image-117.jpg

Сессия соңында Азамат Қожанов бұл шара саланы дамыту стратегияларын талқылау және нарықтың ірі ойыншылары арасында тәжірибе алмасу алаңына айналғанын атап өтіп, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

«Кооперация мен инвестиция тау-кен өнеркәсібін дамытудың негізгі құралы болып табылады. Біз жаһандық ойыншылар мен қазақстандық компаниялар үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз», - деп түйіндеді шараны Азамат Қожанов.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге