Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST пен азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы серіктестіктің жол картасына қол қойды

KAZAKH INVEST пен азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы серіктестіктің жол картасына қол қойды

Келіссөздер барысында тараптар инвестициялық жобаларды дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуге бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

"KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев пандемияға байланысты әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы да дәлелдегенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл азық-түлікке қол жетімділігі тең емес аймақтарға, қолданыстағы суару және ауылшаруашылық жерлерін дұрыс пайдалану мәселелеріне қатысты. Ол сондай-ақ "KAZAKH INVEST" тұрақты негізде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне талдау жүргізіп, әлеуетті тауашалар мен инвесторлар үшін тартымды жобаларды анықтайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда біз әлеуетті инвесторларға агроөнеркәсіптік кешенді қоса алғанда, түрлі салалардағы нақты жобаларды ұсынуға, сондай-ақ оларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік әлеует пен көлік-логистикалық мүмкіндіктердің мол екенін ескере отырып, Қазақстанда өңірлік азық-түлік хабын құру мүмкіндігін қарау мақсатқа сай келеді.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулет атап өткендей, инвестициялар тартудағы және жобаларды іске асырудағы "KAZAKH INVEST" негізгі рөлін назарға ала отырып, Program on Strategic Commodities, ұлттық резервтік генетикалық банктер, астық қорын құру, Халал өнімдерін өндіру бойынша түрлі жобалар, сондай-ақ Islamic Food Processing Association желісі бойынша жобаларды іске қосу бойынша өзара іс-қимыл сияқты бірқатар маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі қарастырылуда.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына стратегиялық инвесторларды тарту бойынша серіктестіктің жол картасын қамтитын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге