Баспасөз релиздері

Қостанай облысының инвестициялық мүмкіндіктері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басшылығына таныстырылды

Қостанай облысының инвестициялық мүмкіндіктері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басшылығына таныстырылды

2018 жылдың 04 қыркүйек айында Қостанай облысына Басқарма Төрағасы Ардақ Қасымбектің басшылығымен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ делегациясының жұмыс сапары болып өтті. 

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік өкілдігінің көмегімен облыс әкімінің аппараты Қостанай облысының басшылығымен әлеуетті ынтымақтастық мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында өңірлік өкілдік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен, оның ішінде инвестициялар тартуды талап ететін жобалармен таныстырды.     

Кездесудің қорытындылары бойынша Қостанай облысының Әкімдігі мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Форум шеңберінде өңірдегі әлеуетті жобаларды қарау үшін, соңғының қазан айына жоспарланған, «Kostanay Invest – 2018» 2-нші өңірлік инвестициялық Форумда қатысуы туралы келісімге келді. 

Анықтама: «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) Қазақстанда ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға және private equity инфрақұрылымын жасақтауға көмектесу үшін, Тура инвестициялар қоры (бұдан әрі - ТИҚ) ретінде 2007 жылы құрылды. ҚКМ Қорлары одан әрі өсу және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында экономиканың әртүрлі секторларында компанияларға капитал ұсынады. Бүгінгі таңда ҚКМ олардың жалпы капиталдандыруы 2,4 млрд. АҚШ долл. құрайтын 13 ТИҚ-да қатысады. 

2007 жылдан бастап ҚКМ өзінің ТИҚ арқылы шамамен 60 портфельдік компанияларды инвестициялады, олардың жартысынан көбі Қазақстан Республикасындағы жобалар. 

2018 жылы ҚКМ ТИҚ-ның бірі Қазақстанның өңірлерінде экономиканың басымды салаларын инвестициялау бағдарламасын бекітті. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ҚКМ өңірлердегі әлеуетті жобаларды қарайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге