Баспасөз релиздері

Annual Investment Meeting аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Annual Investment Meeting аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

БАӘ экономика министрлігі ұйымдастырған Annual Investment Meeting (AIM) инвестиция саласындағы ірі халықаралық іс-шаралардың бірі барысында KAZAKH INVEST тарапынан Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Биылғы жылы пандемия жағдайында жыл сайынғы іс-шара онлайн-форматта өтті және мемлекеттік органдардың, ірі халықаралық компаниялардың, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі ұйымдардың басшыларын қоса алғанда, әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыларды жинады.

AIM форумын аша отырып, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, БАӘ сыртқы сауда Мемлекеттік министрі Тани бин Ахмед әл-Зейуди, БАӘ мемлекеттік министрі Айхмед әл-Сайег және Абу-Даби Экономикалық даму департаментінің төрағасы Мохаммед Али Әл-Шорафа әл-Хаммади алғашқы сөз сөйледі.

Еуразия өңірі елдерінің инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің (IPA) басшылары қатысқан "COVID кезінде және одан кейінгі IPA рөлі" сессиясы шеңберінде жаңа экономикалық жағдайларда IPA рөлін арттыруға көп көңіл бөлінді.

Өз сөзінде KAZAKH INVEST Басқарушы директоры Жандос Темірғали пандемиядан туындаған әлемдік экономикадағы ағымдағы құлдырау дамушы экономикалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. UNCTAD мәліметтері бойынша, өткен жылы жаһандық ТШИ 42%-ға төмендеді, ал дамыған елдерде құлдырау 69%-ды, ал дамушы елдерде тек 12%-ды құрады. Экономикалық байланыстарды жаңа оңтайландырылған және тұрақты құндылықтар тізбегі негізінде нығайтудың уақыты келді.

"Орталық Азия халықаралық инвестициялық қоғамдастық тарапынан көбірек назар аударуда, бұл өңірді әлемдік инвестициялық картаға бірыңғай орналастыру қажеттілігін бірінші орынға шығарады. Атап айтқанда, Қазақстан Халықаралық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қытай, Таяу Шығыс және Еуропа үшін азық-түлік хабына айналуға дайын. Біздің елімізде ет, дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістерді құру үшін зор ресурстар мен мүмкіндіктер бар" - деп атап өтті Жандос Темірғали.

Спикердің айтуынша, инвестициялық ағындар үшін бәсекелестік қатайып жатқан жағдайда, күрес тек бағыттар үшін ғана емес, әрбір жеке алынған жоба үшін жүргізіліп жатқан кезеңде IPA рөлі маңызды бола түсуде.

"Мемлекет инвесторларға саяси тұрақтылыққа, заңның үстемдігіне, сауатты монетарлық саясатқа, инвестициялық ахуалды жақсартуға, "жұмсақ" және физикалық инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасауға шоғырлана отырып, жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын тартуды барынша азайтуға ұмтылуы тиіс. Тек осындай факторлар ғана тұрақты ұзақ мерзімді нәтиже бере алады", - деп толықтырды Жандос Темірғали.

Сонымен қатар, сессия спикерлері инвестиция тарту, жаңа салаларды таргеттеу, жергілікті бизнеспен жұмыс істеу және инвестициядан кейінгі қолдау саласындағы цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті.

AIM-Еуразия шеңберінде жаһандық ауқымда инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын жақсарту арқылы елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ АЭА мен ақылды қалаларды дамытуға арналған 20-дан астам панельдік сессиялар мен презентациялар өткізілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге