Баспасөз релиздері

Француз компаниялары Қазақстан экономикасының перспективалы салаларына инвестиция салуға мүдделі

Француз компаниялары Қазақстан экономикасының перспективалы салаларына инвестиция салуға мүдделі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Француз Республикасына сапары қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов француз компанияларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер Париждегі MEDEF халықаралық сауда палатасының алаңында өтті.

GCG бас директоры Рашад Накауа компания қызметін таныстыра отырып, негізгі бағыттар энергетика (күн энергиясы, геотермалдық, жел және су электр қуаты), күрделі құрылыстар салу және азық-түлік саудасы екенін айтты. GCG (GNZ Energy еншілес компаниясы) Қазақстандағы ЖЭК жобаларына қатысуға дайын.

new_IMG_4760.png

new_IMG_4754.jpg

Қазіргі уақытта GNZ Energy Кения, Испания, Түркиядағы жаңартылатын энергия жобаларына инвестиция құйды. Компания Түркияда жаңа зауыт салу үстінде.

new_IMG_4772.jpg

Келесі кездесу Evolution International бас директоры Сирил Жосспен өтті. Француз компаниясы Қазақстанмен селекция, эмбриондарды трансплантациялау, жануарларды генотиптеу, асыл тұқымды құндылық индекстерін анықтау, генетикалық аурулар және т.б. салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

new_IMG_4769.jpg

Сондай-ақ компания Қазақстандағы мал шаруашылығында генетика мен биотехнологияны дамыту және білімді трансферттеу арқылы қазақстандық ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қазақстандық бизнес қауымдастығымен бірлескен жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, «Evolution International» генетикалық орталығы 60 жылдан астам уақыт бойы мал генетикасын дамытуда әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

new_IMG_4775.jpg

Boehringer Ingelheim ветеринарлық денсаулық бөлімінің басшысы Найджел Свифт Даквим аусылға қарсы вакциналарды өндіру технологиясын трансфертке қызығушылық танытты.

Еске салайық, 1885 жылы негізі қаланған отбасылық фармацевтикалық компания қазіргі таңда әлемнің жетекші фармацевтикалық компанияларының Топ-20 қатарына кіреді. Компанияның 47 мыңнан астам қызметкері компанияның дүние жүзінде орналасқан 142 өкілдігінде жұмыс істейді.

DSC_0394.png

Өз кезегінде қазақстандық делегация мүшелері Қазақстанның артықшылықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі берген преференциялар туралы айтты.

Мейіржан Юсупов француз инвесторларына инвестиция тарту және халықаралық инвесторлармен ұзақ мерзімді серіктестік орнату Қазақстан үкіметінің тұрақты басымдықтарының бірі екенін айтты. Инвестициялық жобаларға фискалдық (субсидиялар, салық жеңілдіктері және т.б.) және фискалдық емес жеңілдіктер (жер, инфрақұрылым) қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетіледі.


Ардақ Зебешев инвестициялық ахуалға теріс әсер ететін факторларға қарамастан, Қазақстан өңірдегі барлық инвестицияның 60%-ға жуығын жинақтап, Орталық Азияға инвестиция тарту бойынша көшбасшы болып қала беретінін атап өтті. 2021 жылы 23,7 млрд доллар инвестиция құйылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 38%-ға көп. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша инвестиция ағыны 28%-ға өсіп, 14,5 млрд долларды құрады.

new_IMG_4774.jpg

Сондай-ақ, Herbert Smith Freehills заңгерлік консалтингтік компаниясының алаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің және KAZAKH INVEST төрағалары Renault және Alstom (инжиниринг), EDF, Air Liquide, Orano тау-кен өндіру (энергетика), Voltalia және Marubenu Europower (RES), Bouygues Batiment және Meridiam (ғимараттар мен құрылыстарды салу) өкілдерімен кездесулер өткізді..

Парижде өткен кездесулерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, KAZAKH INVEST, MEDEF International және Герберт Смит Фрихиллс бірлесіп өткізді.

Еске салайық, ертең, 2022 жылғы 29 қарашада Парижде Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екіжақты кездесулер мен инвестициялық дөңгелек үстел жоспарланған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге