Баспасөз релиздері

"Dubai Global Partnership Series: Kazakhstan" – Назар Қазақстанда

"Dubai Global Partnership Series: Kazakhstan" – Назар Қазақстанда

2021 жылғы 24 ақпанда өткен онлайн-кездесуде БАӘ мен Қазақстан арасындағы өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар сияқты түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында қатысушылар түрлі бағыттағы сауда мүмкіндіктерін талқылап, сауда органдарының өкілдеріне сұрақтар қойып, екіжақты экономикалық қатынастардың соңғы оқиғалары туралы білді.

Іс-шараға Dubai Chamber of Commerce & Industry төрағасы Маджид Аль Гурайр, Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров, "Kazakh Invest" өкілі Азамат Қожанов, FDI Dubai басшысы Фахад Аль Гергави, сондай-ақ Dubai Chamber of Commerce & Industry директоры Омар Хан қатысты.

"Инвестицияларды тарту үшін жаһандық және өңірлік бәсекелестіктің ушығуын назарға ала отырып, инвесторлармен белсенді жұмысқа жаңа тәсілдерді енгізу және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді күшейту қажеттілігі туындайды. Ол үшін инвестицияларды басқарудың және инвесторлармен атаулы жұмыстың жаңа алгоритмі енгізілетін болады." - деп мәлімдеді Азамат Қожанов. 

Қазақстан БАӘ-ден инвесторлар тартуға мүдделі. Бұған дейін Әмірліктер тарапына АӨК, мұнай-химия, тау-кен металлургиясы және фармацевтика салаларында 30 жоба ұсынылған болатын. Бүгінгі таңда БАӘ бизнес өкілдерімен бірлесіп осы ұсыныстарды нақты пысықтау жүргізілуде.

Вебинарға БАӘ, Қазақстан, Алжир, ҚХР және т.б. қоса алғанда, 19 елден 200-ден астам қатысушы қатысты.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге