Баспасөз релиздері

Бразилия Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Бразилия Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Баия штатының губернаторы Руй Коста бастаған Бразилиялық делегация Нұр-Cұлтан қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Губернатор ҚР сауда және интеграция министрлігімен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «QazExpoCongress», «QazTrade» және т.б. бірқатар ресми кездесулер өткізді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығымен келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің кең ауқымды мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, ТКМК, машина жасау және тамақ өнеркәсібі саласында инвестициялық өзара іс-қимылды жолға қоюдың перспективалық бағыттары негізге алынды.


Кездесу аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттырудың, сондай-ақ Қазақстан мен Бразилия арасындағы тауар айналымын және ТШИ ағынын арттырудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, «WEG», «Vale», «Embraer», «Indústrias nucleares do Brasil» және т. б. сияқты қазақстандық бизнеспен табысты жұмыс істейтін Бразилиялық компанияларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, ол екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын дамытудағы маңызды кезең электр жабдықтарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы Бразилиялық «WEG» компаниясының 2020 жылы Алматы қаласында «WEG Central Asia» коммерциялық өкілдігін, сондай-ақ сервистік хаб ашу туралы шешімі болғанын атап өтті.


Сондай-ақ, ол бразилиялық делегаттарды инвестицияларды тартудың мемлекеттік жүйесінде қолданылатын жаңа тәсілдермен, преференциялармен және Қазақстандағы шетелдік бизнестің жұмысы үшін қолайлы ахуал туғызатын басқа да құралдармен таныстырды.


Өз кезегінде Руи Коста Бразилия Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын, сондай-ақ барлық негізгі салаларда екіжақты өзара іс-қимылдың нығая түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ол Бразилияның мұнай-химия және өңдеу секторында, ауыл шаруашылығында және тау-кен өнеркәсібінде ынтымақтасуға дайын екенін хабарлады.

Бразилия делегациясының Қазақстанға сапарын Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Анықтама: Баия-географиялық орналасуын, пайдалы қазбалар мен мұнайдың қолда бар қорларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары әлеуетін ескере отырып, ел экономикасында жетекші орын алатын Бразилияның ең ірі штаты, атап айтқанда, өңір какао-бұршақ пен сояның жетекші өндірушісі және экспорттаушысы болып табылады. Баия штаты халық саны бойынша Бразилияда 4-ші орында (15,3 млн.адам).

Сондай-ақ, үлесінің 40% - ы ҚР Үкіметіне тиесілі «Eurasian Resources Group» (ERG) еншілес кәсіпорны болып табылатын Бразилиялық «Bahia Mineração» компаниясы Баия штатының Каетите муниципалитетінде «Pedra de Ferro» темір кені өндірістік кешенінің жобасын іске асыруда. ERG-дің темір кені кешені мен теңіз портына салған инвестициясының жалпы көлемі 1,6 млрд.долларды құрайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге