Баспасөз релиздері

Бразилиялық «WEG» машина жасау алыбы Қазақстанға инвестиция салуды жоспарлап отыр

Бразилиялық «WEG» машина жасау алыбы Қазақстанға инвестиция салуды жоспарлап отыр

Электр машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары, сондай-ақ Қазақстан өнеркәсібіне цифрлық шешімдерді енгізу «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың Бразилиялық «WEG» трансұлттық компаниясының басшылығымен кездесуі барысында талқыланды.

Кездесу барысында Мейіржан Юсупов түрлі салалық жеңілдіктер мен преференцияларды қамтитын шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.  Сонымен қатар, ол Бразилия тарапымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың жоғары әлеуетін атап өтті.


Орталық Азиядағы «WEG» Бас директоры Сергей Мущенко көрсеткен қолдауы үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алғыс айтып, Қазақстанда компания Бразилияның машина жасау саласындағы ірі инвесторларының бірі болуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бірінші кезеңде сервистік хаб құру жоспарлануда (техникалық қызмет көрсету, оқыту, технологиялар трансферті). Сонымен қатар, екінші кезең аясында инвесторлар Қазақстанда электр жабдықтарын өндіретін зауытты оқшаулау мүмкіндігін қарастырады.

Инвестор атап өткендей, бұл жобаны іске асыру қазақстандық өнеркәсіпке сапаны бақылаудың озық технологияларына қол жеткізуге, өндірістің өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға (предиктивтік мониторингті қоса алғанда) мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали жоғарыда көрсетілген жобаны одан әрі сүйемелдеу барысында «KAZAKH INVEST» жергілікті әріптесті іріктеуге, тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алуға және мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуге көмектесуге дайын екенін атап өтті.

Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы ірі экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өту қажет. 2016 жылы қарашада «Бразилия-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасы ашылды. 


Анықтама үшін: Штаб-пәтері Бразилияда орналасқан "WEG" компаниясы электр жабдықтарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания өнімдері 135 елдің 5 құрлығында ұсынылған. Күн сайын «WEG» шамамен 120 мың электр қозғалтқышын шығарады. Компанияның 14 елде 40-тан астам өндірістік алаңдары және 36 елде коммерциялық филиалдары бар. «WEG» қызметі 5 өндірістік бағытқа бағытталған: электр қозғалтқыштары мен редукторлар; автоматтандыру технологиялары; энергияны беру және тарату жабдықтары; энергияны өндіру жабдықтары; өнеркәсіптік сұйықтықтар мен бояуға арналған ұнтақтар.

2019 ж.қарашада «KAZAKH INVEST»  және ҚР Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы «WEG» компаниясының аймақтық филиалы ашылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге