Баспасөз релиздері

Баварияда инвестапта аясында неміс кәсіпкерлерімен 15-тен астам кездесу өтті

Баварияда инвестапта аясында неміс кәсіпкерлерімен 15-тен астам кездесу өтті

Баварияда инвестициялық апта қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ҚК» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бірімжан басшылығымен Қазақстан делегациясы ірі неміс компанияларымен 15-тен астам екіжақты кездесулер өткізді. Инвесторлармен кездесуді Германиядағы ҚР Елшілігінің жәрдемімен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

BayWa AG концернінің басқарушы директоры Филипп  Трахтенбергпен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ірі жел станциясын салу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері айтылды. BayWa (BayerischeWarenvermittlung) трансұлттық компаниясы ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар, құрылыс материалдары мен жаңартылған энергия көздерін өндірумен айналысады. Неміс компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеуге және алғашқы жұмыс сапарымен Астанаға келуге әзір екендіктерін білдірді. Холдинг энергияның баламалы көздерін пайдалана отырып, жылыжай салуды инвестициялауға мүдделі.

VIETZ GmbH компаниясының басқарушы директоры Маркус Беннетбергпен келіссөз барысында неміс компаниясының озық технологияларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында газ, мұнай және су құбырларын төсеу саласындағы ынтымақтастықты реттеу мүмкіндіктері, сондай-ақ неміс фирмасы шығаратын жабдыққа арналған компоненттерді өндіру бойынша Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құру перспективаларын талқылады.  Тараптар осы күзде Қазақстанға компания басшылығы алғашқы жұмыс сапары барысында Астанадағы диалогты жалғастыруға уағдаласты. VIETZ GmbH мұнай-газ және коммуналдық салаларда техника мен жабдық, сондай-ақ дәнекерлеу агрегаттары өндірісіне маманданған.

Сондай-ақ Неміс трансұлттық Linde AG химиялық компаниясының Таяу Шығыс және Шығыс Еуропадағы өкілдігінің басшысы Кристиан Шарлахпен кездесу өткізді. Linde Group 2009 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатының (бұрынғы АрселорМиттал Теміртау) аумағында Теміртау қаласында ТМД-дағы ірі ауа бөлу қондырғысын салуға инвестиция құйды. Кездесу барысында Теміртау қаласындағы жобаның іске асырылу барысы, сондай-ақ Қазақстандағы одан әрі қызмет бойынша компанияның жоспарлары талқыланды.

INFINEON Technologies AG компаниясының өңірлік директоры Детлеф Худумен келіссөзде денсаулық сақтау жүйесі мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша неміс технологияларының Қазқстанға трансферттері мәселелері талқыланды. Компания Астана қаласында өз өнімдерінің таныстырылымын өткізу және цифрландыру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу жоспарлары туралы айтты. Қазақстанның салалық ведомстволарымен компания басшылары үшін келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

MAX AICHER GmbH компаниясының басқарма мүшесі Томас Шуманмен кездесуде болат өндіру, қоқысты қайта өңдеу, құрылыс, жобалау, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Бүгінде компания арматура өндіру, сондай-ақ ескі автомобильдерді, қалалық қоқысты қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша, сондай-ақ қалалық және ауылдық инфрақұрылымдарды жобалау және салу саласында Баварияда жетекші орында келеді. Қазақстандық тарап компания басшылығын пәндік келіссөздер өткізу үшін Қазақстанға келуге шақырды.

Өткізілген келіссөздер екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынасты жаңа мазмұнмен толықтырды және тараптардың белгілі бір артықшылығы бар бірқатар жобаларды іске асыру бойынша өзара іс-қимылдың жаңа перспекиваларын белгіледі.

Тараптар диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастық саласындағы нақты салларды айқындауға әзір екендіктерін білдірді. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ делегациясының Мюнхенге сапары тұтастай жетекші федеральдық жер Германия-Бавариямен Қазақстанның экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге