Баспасөз релиздері

Чехия бизнесмендері шымкенттік кәсіпкерлермен серіктестік құруға қызығушылық білдірді

Чехия бизнесмендері шымкенттік кәсіпкерлермен серіктестік құруға қызығушылық білдірді

Чехия Республикасы Парламентінің депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачектің ресми сапары шеңберінде Шымкент қаласында Қазақстан –чех бизнес-форумы өткізілді.

Іс-шараны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қала әкімдігі ұйымдастырды. Бизнес-форумға 100-ден астам кәсіпкерлер, оның ішінде чех бизнесі мен Чехияның Сауда-өнеркәсіп палатасының 30-дан астам өкілдері қатысты.

Форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік өкілдері Чехия бизнесмендеріне Қазақстан және өңір экономикасына инвестициялаудың артықшылықтарын ұсынды, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту үшін құрылған шарттар жөнінде айтып берді.

«Біздің қалада барлық инфрақұрылымы бар 3 индустриалды аймақ, бизнесті жүргізу үшін салықтық жеңілдіктері бар әлеуметтік-экономикалық аймақ, сондай-ақ, дайын қоймалық ғимараттары бар сауда-логистикалық орталық қызмет етеді. Бұдан басқа, Шымкент арқылы «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтетіні маңызды фактор. Сонымен бірге, қала көршілес елдердің шекараларына жақын орналасқан, бұл экспортты дамытуға қолайлы ықпал етеді», - деп атап өтті форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкілдігінің директоры Игорь Копайлов.

Форум екі ел бизнесмендерінің B2B форматындағы кездесулерімен жалғасты. Чехия бизнесмендері жергілікті компаниялармен туристік, логистикалық, аграрлық, құрылыс, металлургия, өңдеу, тама өнеркәсібі, ауылшаруашылық, химия және мұнай-химия секторларында іскерлік серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді.

Бүгінгі күні Чехия Республикасы Орталық және Шығыс Еуропаның өнеркәсіптік дамыған елдер қатарына кіреді. Машина жасау, автокөлік өнеркәсібі, қара металлургия, электротехника және электроника, химия және мұнай химия, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, шыны мен тоқыма-мата өндірісі, сондай-ақ, қызмет көрсету салалары Чехия экономикасының негізі болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге