Қытайдың бизнес қоғамдастығына Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
Бейжіңде «KAZAKH INVEST» АҚ»-ның ҚХР-дағы өкілдігі, PWC Қазақстан және PWC Қытай-мен бірлесіп, ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған семинар өтті, оның шеңберінде PwC белсенді халықаралық қызмет жүргізетін 30-дан астам қытайлық клиент-компаниялар үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Іс-шара барысында қытай компанияларының назарына ауыл шаруашылығының, тау-кен металлургия және көлік-логистика секторларының инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды.
«Республиканың саяси және экономикалық тұрақтылығы-еліміздің ауыл шаруашылығы секторына инвестицияларға жоғары қызығушылықтың негіздерінің бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін мемлекеттік қолдауды көздейтін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан аграрлық секторға инвестиция салу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады", - деп хабарлады KAZAKH INVEST жобалар департаменті директорының орынбасары Сәуле Сабыр.
Осы бағыттардың ішінде ет пен сүтті, жемістер мен көкөністерді, оның ішінде жылыжай көкөністерін өндіру және қайта өңдеу, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу, сондай-ақ жыл сайын өңірде және әлемде танымал болып келе жатқан органикалық өнім өндірісі бар.
«Біздің артықшылықтарымызды талдай отырып, біз республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын алмастыруға және экспортын дамытуға тікелей байланысты саладағы бірнеше неғұрлым перспективалы бағыттарды айқындадық», - деп хабарлады KAZAKH INVEST жобалар департаменті директорының орынбасары Сәуле Сабыр.
Инфрақұрылымдық сала және осы саладағы жобалар туралы KAZAKH INVEST жобалық менеджері Әзізхан Құдабеков айтып берді.
«Стратегиялық географиялық орналасуына байланысты ел үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары әлеуеті белгіленді, сондай-ақ Қытай бизнесі үшін релевантты KAZAKH INVEST ағымдағы портфелінен нақты инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі таңдалды» - деп хабарлады Әзізхан Құдабеков.
Тау-кен металлургия саласы және осы саладағы жобалар туралы KAZAKH INVEST жобалық менеджері Диляра Тектіғұлова айтып берді
«Бүгінде тау-кен металлургия кешені басым өсу жобаларына шоғырланған. Біз геологиялық барлау жұмыстары, өндіру және түпкілікті өнім өндіру үшін мемлекеттік қолдау шараларының құрамдастырылған пакетін ұсына отырып, өндіріс үшін қолайлы жағдайлар жасауды ұсынамыз. Айта кету керек, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа Кодекс Қазақстанда жер қойнауын пайдалану шарттарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған және жаңа кен орындарын ашу үшін негіз болады», - деп хабарлады Диляра Тектіғұлова
Өз кезегінде, PWC ҚР салық саясатына және шетелдік заңды тұлғаларды тіркеуге және олардың қызметіне байланысты заңды мәселелерге шолу жасады.