Баспасөз релиздері

Америкалық компаниялар Қазақстан экономикасының жаңа салаларына инвестиция салуға мүдделі

Америкалық компаниялар Қазақстан экономикасының жаңа салаларына инвестиция салуға мүдделі

2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов американдық компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті.

DSC_0035.jpg

Қазақстандық делегация өкілдері Нью-Йорк мэрінің халықаралық істер жөніндегі арнайы комиссары Эдвард Мермельштейнмен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында әлемдегі 500 ірі Fortune корпорациясының 50-нің штаб-пәтері орналасқан Нью-Йорк қаласының іскер топтарымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, американдық тарап сауда-өнеркәсіп палаталары деңгейінде ынтымақтастыққа, сондай-ақ екі елдің бірлескен іскерлік миссияларының сапарларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

DSC_0064.jpg

DoorDash АҚШ-тың азық-түлік жеткізу нарығының 56% иеленеді. Компанияның үкіметпен байланыс жөніндегі жаһандық басшысы Тоня Анайиның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айында компания Қазақстанда 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және нарықтағы жетекші орындардың бірін иеленетін Wolt фин сервисін сатып алу туралы мәміле жасады. 

DSC_0001.jpg

«Cyphr Ventures» жаһандық венчурлық платформасының басқарушы директоры Эрл Паттонмен кездесу барысында тараптар клиенттері әртүрлі елдердің кәсіпкерлері, кәсіпорындары мен үкіметтері болып табылатын американдық платформа арқылы әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынас орнатуға келісті.

Auerbach Grayson инвестициялық компаниясының бас атқарушы директоры Дэвид Грэйсон өзінің жеке және клиенттік қаражатын перспективалы сыртқы нарықтарға, соның ішінде Қазақстанға инвестициялауға мүдделі екенін мәлімдеді. Нақты инвестициялық жобалар бойынша ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

photo1663445903.jpeg

Сонымен қатар, МК Industries президенті Али Катутпен келіссөздер жүргізілді, ол Қазақстанға ауылшаруашылық дақылдарын өндіру мен өңдеуге инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытты. Айта кету керек, компания жұмыртқа ұнтағын, тағамдық майларды, қантты, ұнды және басқа да агроөнеркәсіптік өнімдерді жеткізуге маманданған, сонымен қатар өзінің Akli Food брендімен өнім желісін алға жылжытады. Ағымдағы жылдың қазан айында компания басшылығының Қазақстанға сапары туралы келісімге қол жеткізілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге