Баспасөз релиздері

Индустрияландыру және инвестициялар саласында Қазақстан-Қытай комиссиясының ынтымақтастық жөніндегі 18-ші отырысы

Индустрияландыру және инвестициялар саласында Қазақстан-Қытай комиссиясының ынтымақтастық жөніндегі 18-ші отырысы

Индустрияландыру және инвестициялар саласында Қазақстан-Қытай комиссиясының ынтымақтастық жөніндегі 18-ші отырысы а. ж. 10 маусымында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров пен Қытай Халық Республикасының реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік Комитеті төрағасының орынбасары Н. Цзичженің тең төрағалығымен өтті.

Отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруға және туындаған мәселелерді шешуге күш салу үшін пікір алмасу өтті.

Сондай-ақ, COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына қарсы шаралар қарастырылды. Қытай тарапы ҚХР үкіметі COVID-19-дың таралу жағдайын мұқият қадағалап, бақылауға алынғанын атап өтті.

Тараптар ғаламдық пандемиямен күресте гуманитарлық көмек көрсетілгені үшін өзара ризашылықтарын білдірді. Қазақстан Республикасы мен ҚХР үкіметтері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігі арқасында екі елде аурудың таралу мүмкіндігінің төмен болғандығы атап өтілді. Осыған қоса, Қытай тарапы қосымша көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.

Ғаламдық пандемияның жаңа сынақтары мен қауіп-қатерлерін ескере отырып, тараптар ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын, цифрлық экономика мен медицина сияқты салаларын дамытуға қызығушылық білдірді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Б. Сартбаев қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге