Баспасөз релиздері

Жасыл металлургия - қазір де бар

Жасыл металлургия - қазір де бар

Нұр-сұлтан, 16-17 маусым - Қазақстан астанасында Astana Mining & Metallurgy – АММ-2022 Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтті.

Конгресс алаңында Қазақстан мен жақын және алыс шетелдердің ұлттық және халықаралық компанияларының, инвестициялық қорлардың өкілдері мен сарапшылары, салалық министрліктер мен ұйымдардың басшылары жиналды.

АММ алаңында тағы да қызықты тақырыптар қозғалды, жаңа Қазақстанның алдында тұрған өзекті, басым міндеттер мен мәселелер көтерілді. Солардың бірі KAZAKH INVEST компаниясының Investment Task Force бөлігі ұйымдастырған «Жасыл металлургия – қазірде де бар» тақырыбындағы интерактивті панельдік сессия.

Сессияны жүргізген Task Force жобаларының жетекшісі Бауыржан Айтқұлов экологиялық таза, қалдығы аз, қалдықсыз табиғи шикізатты өңдеу және өңдеу технологияларын енгізе отырып, металлургиялық жобаларға аса зор инвестицияларды талап ететін әлемдегі экологиялық жағдай тақырыптарын қозғады.

ESG сарапшысы Игорь Коротецкий жасыл металлургияға көшу стратегиясындағы жаһандық мақсаттар мен негізгі бағыттар туралы айтып берді. Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия институтының директоры Сайлаубай Байсанов күлі жоғары көмірді пайдалана отырып кешенді қорытпалар алу тәжірибесімен бөлісті. Urumqi Zhonghaduo Metal компаниясының құрылтайшысы Гун Чжиюн металлургиядағы экологиялық-экономикалық проблемалардың шешімдері туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, Шымкент және Тараз қалаларындағы қорғасын өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу тәжірибесімен бөлісті.

Task Force жобаларының жетекшісі Асхат Бекенов болашақта металлургияда қолданылатын "жасыл" сутегі өндірісі бойынша инвестициялық жобаларды дамыту перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

KAZAKH INVEST инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператор ретінде өз қызметі шеңберінде өнеркәсіпті тұрақты дамыту саласында жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге