Баспасөз релиздері

Жасыл энергетика, инфрақұрылым және цифрландыру: Қазақстан Дубайда Cop28 аясында құны 4,85 миллиард доллар болатын 20 құжатқа қол қойды

Жасыл энергетика, инфрақұрылым және цифрландыру: Қазақстан Дубайда Cop28 аясында құны 4,85 миллиард доллар болатын 20 құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жалпы сомасы 4,85 миллиард доллар болатын 20 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы мен БАӘ үкіметтері арасында Қазақстанда қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасы бойынша келісім жасалды. Жоба «Masdar» компаниясының көмегімен жүзеге асады деп жоспарлануда. Жоба құны 1,4 миллиард долларды құрайды.

Қазақстан Республикасындағы энергетика жобаларды даму бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар министрлігі қол қойды. Құжат жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетикалық жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен ACWA Power Жетісу өңірінде энергия сақтау жүйесі бар жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасын бірлесіп әзірлеуге келісті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен француздық «TotalEnergies» компаниясы арасында жел электр станциясын дамыту, салу және пайдалану жобасын іске асыру туралы инвестициялық келісімге қол қойылды. Жобаның жалпы қуаты – 1 ГВт. Жоба Жамбыл облысында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Qazaqstan Investment Corporation ADQ компаниясымен венчурлық жобаларды бірлесіп қаржыландыру тетігін құру саласындағы стратегиялық серіктестік туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group қол қойды. Тараптар 5 негізгі бағытта – теңіз тасымалы, теңіз және құрғақ порттар, теміржол логистикасы, цифрландыру және сауда бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және әмірлік Al Amana Power Solutions компаниясы инвестиция көлемі 100 миллион доллардан асатын жаңартылатын энергия жобаларын әзірлеуге кірісіп жатыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін Presight.AI компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.

     

Қол қойылған құжаттардың толық тізімі: 

  1. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жел электр станциясын (1 ГВт) салу жобасын жүзеге асыру туралы Үкіметаралық келісім; 

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, «Ақтас Энерджи» ЖШС мен TotalEnergies компаниясы арасындағы «Жамбыл облысы Мирный кенті аумағында қуаты 300 мегаватт/600 мегаватт-сағат болатын энергия жинақтаушы аккумуляторлық жүйені пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын электр станциясын әзірлеу, салу және пайдалануға беру» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім; 

  3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

  4. Qazaqstan Investment Corporation компаниясы мен ADQ арасындағы стратегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.

  5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен ACWA Power компаниясы арасындағы энергия жинақтау жүйесі арқылы жиынтық қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім;

  6. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Presight.AI компаниясы арасындағы цифрландыру және ақпараттық технология саласындағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен AD Ports Group компаниясы арасындағы Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру бойынша қағидаттар туралы келісім;

  8. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

  9. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «SAFC» ЖШС мен SEFE Marketing & Trading компаниясы арасындағы орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

  10. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Emirates Nuclear Energy Corporation компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын тасымалдау туралы келісім.

  11. «Самұрық-Қазына» қоры мен Presight.AI арасындағы цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім.

  12. QazaqGaz ҰК АҚ мен Presight.AI арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

  13. «Самұрық-Қазына», KIDF, Masdar және W Solar арасындағы бірлескен даму туралы келісім.

  14. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Al Amana Power Solutions арасындағы жаңартылатын энергия жобаларына инвестициялау бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

  15. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «Venus Industries» арасындағы орау материалдарын шығаратын зауыт салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

  16. «KTZ Express» АҚ мен Presight.AI арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

  17. KIDF, Kazcenter тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Metito Көкшетау қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы жобасының қағидаттары туралы келісімге қол қойды.

  18. «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымы мен «Presight.AI» арасындағы жасанды интеллектті дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

  19. Назарбаев Университеті мен Халифа Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

  20. «KazakhExport» АҚ мен Net Zero Export Credit Agency Alyans (NZECA) арасында альянс құру туралы құжат. Альянс экспорттаушыларға төмен көміртекті экономикаға көшуіне қолдау көрсетеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге