Баспасөз релиздері

Алматы облысында пестицидтер өндіретін зауыт салынады

Алматы облысында пестицидтер өндіретін зауыт салынады

2019 жылы Алматы облысында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қолдауымен түрік инвесторларымен бірлесіп өсімдіктерді қорғайтын құралдарды өндіру зауыты салынады.

Шетел инвесторы — Agrobest Grup түрік холдингі гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, дәндерді улағыштар мен глифосатты шығаруға $30 млн салады.

Kazakh Invest барлық қажетті рұқсаттар мен мемлекеттік қолдау шараларын алуда жобаға сүйемелдеу жасайды. Осылайша, өңірлік өкілдіктің қолдауымен Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан «Қайрат» индустриалды аймағындағы жер телімі таңдалды.

Инвестор жобалау жұмыстарына таяу арада кірісуді жоспарлап отыр. Зауыттың құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында басталады және 2019 жылы аяқталады.

Салынып жатқан зауыттың жалпы өндірістік қуаты жылына 12 мың тоннаға дейін пестицидтер өндірісін құрайды. Өнімнің 60% астамы ішкі нарыққа таралып, қалған бөлігі Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне және басқа да нарықтарға экспортталады деп көзделген.

Жобаны іске асыру аясында өңірде 200-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Анықтама: Agrobest Grup түрік компаниясының негізі 2002 жылы қаланған және ол — пестицидтердің әлемдік нарығының маңызды қатысушысы. Өндірістің жылдық көлемі — 35 мың тонна. Компания өнімдері Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Судан, Сирия және т.б. елдердің өсімдіктерін қорғайтын химиялық құралдар нарығына шығарылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге