Баспасөз релиздері

Батыс Қазақстан облысына инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік Кеңестің отырысы Орал қаласында өтті

Батыс Қазақстан облысына инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік Кеңестің отырысы Орал қаласында өтті

19 қазанда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысына инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік Кеңестің отырысы өтті. Кеңестің отырысына «Kazakh Invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Канешев Биржан және облыстың өндірістік кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Өңірлік Кеңестің күн тәртібіне сәйкес әлеуетті инвесторларды тарту, Тасқала ауданының инвестициялық әлеуеті және 3 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы бойынша мәселелер қарастырылды.

Президенттің «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы әзірленуде. Порталдың негізгі мақсаты - аймаққа инвестиция тарту, аймақтың инвестициялық әлеуетін ашу, инвесторларға ақпараттық қолдау көрсету. Бұл портал мемлекет пен бизнестің арасында өзіндік көпір, отандық инвесторлармен қатар, шетелдік инвесторлар үшін де нұсқаулық болады.

Аймаққа шетел инвестициялары белсенді тартылып жатқандығын айта кету керек. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 275 млрд. теңгені құрады және 4,5% -ға өсті. Олардың ішінде өнеркәсіпке инвестиция көлемі 177 млрд. теңгені, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция көлемі 12 млрд. теңгені құрады. Облыстың негізгі капиталына тартылған инвестициялардың жалпы үлесі 60,4% құрады. Шетелдік инвестициялардың үлесі тұрғысынан біздің облыс республика бойынша бірінші орынды алады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге