Баспасөз релиздері

Мажарстан компаниялары Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Мажарстан компаниялары Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Будапештте экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Шараға 100-ден астам адам қатысты. KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының атынан Еуропа елдерімен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Алтынай Мұқанова қатысты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды. Комиссия төрағалары – қазақстандық тараптан – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, венгр жағынан – Венгрияның қаржы министрі Михали Варга елдер арасындағы дамудың зор әлеуетін ескере отырып, ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

Алтынай Мұқанова KAZAKH INVEST қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі ұсынған преференциялар, инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы айтып берді, сондай-ақ мажар компанияларын Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Сондай-ақ Іскерлік кеңес барысында мажар іскер топтармен ағымдағы және әлеуетті жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

Мажарстандық Globalia Kft компаниясы қазақстандық ANM Group компаниясымен бірлесіп, алдағы екі жылда Шымкентте қуаттылығы 20-дан 50 МВт-қа дейін, сондай-ақ Түркістанда 200 МВт күн электр станцияларын салуды жоспарлап отыр.

Electron Holding Zrt. Қазақстанның бірнеше қаласында күн және жел электр станцияларын салуға мүдделі. Жобаларға нвестицияның жалпы көлемі 430 млн долларды салуға дайын. Бірінші мақсат – қуаттылығы 700 МВт болатын бірқатар нысандарды салу.

Сондай-ақ Мажарстандағы ең заманауи металл өңдеу зауыттарының бірі – MVM ​​холдингімен металл конструкцияларын өндіру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында компанияның Қазақстанға сапары, сондай-ақ еліміздің Машина жасаушылар одағымен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Rex-San медициналық компаниясы медициналық бұйымдарды, соның ішінде протездер, корсеттер және ортоздар өндірісін құруға мүдделі екенін растады.

Шағын электр станцияларының қайталама жүйелерін шығаруға маманданған жетекші энергетикалық Infoware компаниясының басшылығы Қазақстанның қажеттіліктерін ескере отырып, электр жабдықтарын шығаруға және энергетикалық жобаларға қатысуға қызығушылық танытты.

Анықтама:

Мажарстан Қазақстанның ЕО-дағы маңызды серіктесі болып табылады, елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісімдер бар.

2021 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 138 миллион долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға жоғары. 2022 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 114 миллион доллардан астамды құрады.2011 жылдан бері Мажарстанның Қазақстан экономикасына құйған тікелей шетелдік инвестициясының көлемі шамамен 275 миллион долларды құрады, оның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге