Баспасөз релиздері

БҚО Татарстан делегациясының  БҚО бизнесмендерімен іскерлік форумы өтті.

БҚО Татарстан делегациясының  БҚО бизнесмендерімен іскерлік форумы өтті.

Орал қаласында  Татарстан Республикасының және Батыс-Қазақстан облысының билік және бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік форум өтті. Татарлық делегация басшысы – Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов. Қазақстан жағынан – БҚО әкімі Алтай Кульгинов, «Kazakh Invest» басшылығы және аймақтың бизнес қауымдастығының өкілдері. 

- Қазақстандың-ресейлікқатынастарды  дәстүрлі стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі ерекшелейді. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі, және де осы қатынастардың нығаюына Татарстан Республикасы маңызды септігін тигізеді.  Қазақстан мен Татарстан тарихи және географиялық тұрғыдан бір біріне жақын республикалар, арамызды экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси қатынастар байланыстырады. Жыл сайын елдеріміздің басшыларының қатысуымен Аймақаралық  Форус өтеді: егер былтырғы жылы осы форум Челябинск қаласында өтсе, биыл  ол Петропавл қаласында өткізілетін болады, онлағы басты мақсат – Қазақстан мен Ресей арасындағы туризмді дамыту. Осы бағытта біз дамуға жоғары әлеуетке иеміз, әсіресе,  балалар және жасөспірімдер туризмінде, ол бойынша біздің аймақ қазақстан бойынша бірінші орынға ие, ал облыстық балалар және жасөспірімдер туризмінің орталығына ЮНЕСКО Клубының мәртебесі берілген, - деп атап өтті облыс әкімі Алтай Кульгинов. 

Батыс-Қазақстан облысына Татарстан Республикасы делегациясының құрамында: ТР Премьер-Министрі Василь Шайхразиев, ТР Мәдениет министрі Ирада Аюпова, ТР  туризм бойынша Мемлекеттік комитетінің төрағасы Сергей Иванов, КАҚ «Татмұнай»  Бас директоры Маганов Наиль Ульфатович келді. 

- Ынтымақтастық мунициалды деңгейде басталып жатқанына қуаныштымен. Бізде бірнеше ынтымақтастық бағыты белгіленген – бұл мәдени блок, білім беру, туризм, ұлттық, зерттеушілік. Жақын арада Татарстанға Орал қаласынан туризм сұрақтары бойынша делегация келеді. Біз инвесторлармен жұмыс істеудің қазақстандық құрылымын және даму құрылымын, балалар мен жастарға арналған туризмді ұйымдастыруды қарастыратын боламыз. Өз тарапымыздан, біз бірлесе жұмыс жасайтын бірнеше қызықты бағыттарды дайындадық» - деп айтты Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов.

Оның сөзінше,  ең алдымен сауда-экономиалық облыстағы жобалар жүзеге асырылатын болады, себебі Ресейдегі Татарстан нарығы кең және сыйымды. 

- Қазақстан Республикасы Татарстан Республикасының жетекші сауда-экономикалық серіктестірінің бірі. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Татарстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты сыртқы сауда айналымы 700 млн. АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың І жартыжылдығының нәтижесі бойынша  татарстандық-қазақстандық тауар айналымы 67%-ға өсіп, 400 млн. АҚШ долларына жуық соманы құрады.  Біздің жоспарымызда  екіжақты серіктестікті әрі қарай жалғастыру, және жалпы екі республика арасындағы сыртқы сауда  айналымын  1 млрд. АҚШ долларына дейін арттыру – деп В.Шайхразиев кездесу барысында атап өтті. 
Іскерлік кездесу барысында, «Kazakh Invest» Басқармасының Төрағасы марат Бірімжан сөз сөйлеп, аймақтың  инвестициялау  бағдарламасымен және БҚО инвестжобаларды  жылжыту бойынша негізгі жұмыс кезеңдерімен таныстырды. Марат Бірімжан «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның көзқарастарын талқылады: "Біз 2017 жылдың ішінде 48 инвестициялық жобаны баайладық, жылдың соңына дейін экономиканың жетекші салаларында қосымша 67 жоба байланатын болады.  Перспективалы жобалар үшін  халықаралық стандарттарға сай инвестициялық тизерлер, бизнес жоспарлар және қаржы үлгілері жасалған. Сонымен қатар, әр жобаға арнап, мақсатты инвестордың  бейініне қарай халықаралық инвесторларды нысаналау  бойынша, және де шетелдік өкілдіктердің торы арқылы  мүдделі тұлғаларға инвестициялық жобаның инвестициялық артықшылықтарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі". 

Татарстан Президенті «Kazakh Invest» жоғары сапалы жұмысын және Қазақстанға инвестицияларды тартудың инновациялық механизмдерін атап өтті, және Татарстан Республикасының инвестициялар министрлігімен тәжірибе алмасуды қалады. 

Іскерлік кездесу шегінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық, кеме құрылысы, туризм салаларында бірқатар келісімдер жасалды, және де форум аясында құны 3 млн.евро болатын доңғалақтарды (шина) қайта өңдеу бойынша жоба туралы келісімге қол жеткізілді. 
 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге