Баспасөз релиздері

Оралда халықаралық қонақ үйлер желісінің мейманханасы соғылады

Оралда халықаралық қонақ үйлер желісінің мейманханасы соғылады

Оралда Intercontinental Hotel Group халықаралық қонақ үйлер желісінің мейманханасы соғылады. Жергілікті кәсіпкерлер жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдауымен іске асырмақ.

Нысан құрылысы осы жылы басталып, 2023 жылдың соңына дейін жалғаспақ. Жобаға инвестицияның жалпы көлемі 8,3 млрд теңге құрайды.

Өңірде атап айтқандай, Батыс Қазақстан облысының негізгі туристтік ағыны іскерлік және кәсіби топтардың өкілдерінен тұрады, бұл туристердің жалпы санының 70%-ын құрайды. Жобаны іске асыру өңір экономикасының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде жұмыспен қамтуды, қонақ үйлердің нөмірлі бірліктерінің санын және облыс бюджетіне түсетін кірістерді арттырады.

Айта кету керек, нысанның құрылысы кезінде инвесторлар 80-ге жуық жұмыс орнын, ал пайдалануға берілгеннен кейін 160-қа дейін тұрақты жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ пайплайнында Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпы құны $1,5 млрд болатын 4 жоба бар. Олардың 2-сі газ-химия саласында, ал қалған жобалар мұнай-химия және жылжымайтын мүлік саласында іске асырылып жатыр

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге