Баспасөз релиздері

Шанхайда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Шанхайда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

KAZAKH INVEST Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері өкілдерінің қатысуымен Шанхайда өткен «The First Shanghe Business Connect Forum» экономикалық форумы аясындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен инвестициялық қолдау шараларымен таныстырды.

Іс-шара өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, сондай-ақ ШЫҰ елдерінде және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол»бастамасы бойында орналасқан елдерде электрондық сауданы және «fintech» индустриясын дамытуға арналған.

Кездесуге 50-ге жуық қытайлық компания, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан және басқа да елдердің дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты. Іс-шара шеңберінде ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов пен Еркін сауда аймақтары Дүниежүзілік Альянсының Бас хатшысы Ян Юнсинь құттықтау сөз сөйледі.

Өз кезегінде, Қытайдағы KAZAKH INVEST Бас өкілі Қуаныш Амантай форум қатысушылары мен қытай компанияларының назарына Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы және қазақстандық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастық әлеуеті туралы ақпаратты ұсынды.

Сондай-ақ, іс-шара барысындаKAZAKH INVEST қытай компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, олардың шеңберінде тараптар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жаңа технологиялар, электрондық коммерция және медицина сияқты салаларда инвестициялық ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндіктерін талқылады.

KAZAKH INVEST тұсаукесерінің қорытындысы бойынша Шығыс Қытайдың бірқатар өңірлерімен және кәсіпорындарымен инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндігін одан әрі пысықтау жоспарланған.

Форумды «Shanghe Business Connect»бизнес клубы ШЫҰ Хатшылығымен (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге