Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» кеңсесінде тербеліс, акустикалық және екпінді сынақ өткізу құралдары мен әдістерін әзірлеу бойынша жетекші кәсіпорын болып табылатын S.E.R.E.M.E. француздық компаниясының басшылығымен кездесу өтті

«Kazakh Invest» кеңсесінде тербеліс, акустикалық және екпінді сынақ өткізу құралдары мен әдістерін әзірлеу бойынша жетекші кәсіпорын болып табылатын S.E.R.E.M.E. француздық компаниясының басшылығымен кездесу өтті

Француздық S.E.R.E.M.E. компаниясы 1976 жылдан бастап мамандандырылған технологиялық жабдық және акустикалық, тербеліс, екпінді сынақ өткізу үшін керек-жарақ әзірлеп, шығарады, оның ішінде көлденең жылжымалы үстел, еркіндіктің бірнеше дәрежесімен динамикалық сынаққа арналған платформа, краш-тесттер өткізу үшін жабдықтар, акустикалық камералар, пневматикалық іске қосу құрылғылары бар.

Компанияның президенті және бас директоры Макс Стейнберг пен Ресейдегі жобаларды дамыту жөніндегі менеджері Филипп Сологуб «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бірімжанмен кездесті.

Кездесуде Компанияның Қазақстандағы ресми өкілдігінің ашылу мәселелері талқыланды. Өз кезегінде, Марат Бірімжан салық преференциялары мен тұтастай Kazakh Invest қызметі туралы айтты.

Стейнберг мырза компания ұсынған шешім сынақ сапасын олардың нәтижелерінің біркелілігін елеулі арттыруға, қиылыстық кедергілерді, эксперименттік деректерді бұрмалауды болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.  S.E.R.E.M.E. компаниясы қажет болған жағдайда, сынақ жабдықтарының инженерлік инфрақұрылымын, сондай-ақ сынақ орталықтарын жобалайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге