Баспасөз релиздері

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа сауда орталығы салынады

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа сауда орталығы салынады

Түрік инвесторлары Нұр-Сұлтан қаласында жаңа сауда орталығын салады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобаға қолдау білдіруге мүдделі, бұл жөнінде ұлттық компания мен Kayatürk Group өкілдері арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

Құжат шеңберінде түрік компаниясы құны $30 млн құрайтын заманауи сауда орталығын салуға ниет білдірді. Өз кезегінде, KAZAKH INVEST мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу, тиісті құжаттаманы дайындау және преференцияларды алу кезінде қолдау білдіреді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2020 жылдың сәуір айында бастау жоспарлануда, ал сауда орталығы бірінші келушілерді 2021 жылы қабылдамақ. Инвесторлардың айтуынша, үш қабатты нысанның аумағы 40 мыңға м2 жуық болмақ. Жоба іске қосылған соң бұл жерде 200 тұрақты жұмыс орындар ашылады.

Инвесторлар атап өткендей, жобаның сәтті іске асырылуы жаңа нысандарға инвестициялауға үдеріс береді: «Елдің табыс деңгейі мен ірі қалалардың санын ескере отырып, біз жалпы ауданы 70 мыңнан 100 мың м2 дейінгі 4 сауда орталығына қосымша инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, компания қызметі тұрғын үй, қонақ үй, коммерциялық және тұрғын емес ғимараттар құрылысы бойынша секторға кіру үшін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда», - деп атап өтті «Kayatürk Group», «TUKA» бас директоры Атилла Атмаджа.

Атап өту керек, бүгінгі күні «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ақпараттық-мониторингтік жүйесінде түрік капиталының қатысуымен жалпы сомасы $1,6 млрд құрайтын 16 жоба бар. Оның ішінде 150 жұмыс орнын құратын сомасы
$742 млн болатын 6 жоба іске асырылу кезеңінде және 2782 жұмыс орнын құратын сомасы $907 млн 10 жоба пысықталу кезеңінде. Жобалар инфрақұрылым, тау-кен металлургия кешені, химия өнеркәсібі сияқты салаларда іске асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта түрік капиталының қатысуымен түрлі салаларда 2300-ден астам кәсіпорындар қызмет етеді. Қазақстанда жұмыс істейтің шетелдік кәсіпорындардың саны бойынша Түркия екінші орында.

Анықтама үшін: 

Kayatürk Group басқармасы мен басшылығы Түркияда орналасқан ірі топтардың бірі. Компания 7 елдің 81 сауда нүктелердінде және әлемнің 2 ірі ойын-сауық орталықтарында бөлшек сауда қызметін іске асырады. Барлығы компанияда 7 000 жуық қызметкерлер жұмыс істейді

.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге