Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

Лондонда Қазақстан – Британ инвестициялық жобаларын дамыту мәселелері талқыланды

Лондонда Қазақстан – Британ инвестициялық жобаларын дамыту мәселелері талқыланды

Лондонда British Expertise International консалтингтік компаниясының штаб-пәтерінде Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті.

«Kazakh Invest» ҰК және London Infrastructure британдық компаниясы ұйымдастырған семинар жұмысына Aggreco, Alaco, UK Export Finance, JP Morgan, Rothschild Capital Group, DMT Consulting, JCB, Worley Parsons, IPC, «ЕҚҚДБ», Mobsby Associates, TVET UK, Advantix Ltd, CBRE, Ricardo Energy, SP Angel, Paramount Powders, Crown Agents, Cundall, John Wiley & Sons, Rattan Power, The D Group секілді жетекші британдық және халықаралық корпорациялардың басшылары, сондай-ақ Ұлыбританияның мемлекеттік органдарының, сараптамалық және академиялық орталардың өкілдері қатысты.

Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамына «Қазсушар» РМК, BI Group компаниясының, Eurasia Gold Inc, «Қазақстанның даму банкі» және т. б. ұйымдардың өкілдері кірді.

С.Тұяқбаев өзінің алғы сөзінде Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен елімізде бизнес жобаларды іске асырудың келешегі туралы айтып берді. Атап айтқанда, шара қатысушыларына ҚР-да бизнес жүргізудің мүмкіндіктері, заңнамалық қолдау, шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелі артықшылықтары туралы толық ақпарат беріліп, Үкімет бекіткен 50 аса басымдықты инвестициялық жоба таныстырылды. С. Тұяқбаев британдық бизнесмендерді жобаларды Қазақстанда іске асыру үшін белсендірек қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, британдық компаниялар «Бір белдеу —бір жол» қытай бастамасы аясында қазақстан тарапы іске асырып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық танытты. Британдық бизнесмендер ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі өнеркәсібі, машина жасау, ЖЭК саласындағы жобаларға ерекше қызығушылық білдірді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кезекті перспективалы салалары — АТ, цифрлық экономика, электронды үкімет, мұнай химиясы, өңдеу өнеркәсібі, білім беру, денсаулық сақтау және т. б. салалар.

UK Export Finance ТМД және Азия бойынша өңірлік директоры Вомик Нур-Шахтың айтуынша, «Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты сауда ынтымақтастығының өсімі оң қарқынға ие, Қазақстанмен іске асырылатын жобаларды қаржыландыру көлемі теңгемен қаржы алу мүмкіндігімен, £1,25 млрд-тан £3 млрд-қа дейін ұлғайтылды».

Ұлыбританиядағы ҚР Елшісі Ерлан Ыдырысов:

«Қазақстан аса қолайлы инвестициялық ахуалы бар, бизнес жүргізуге ашық әрі тартымды елге айналып келеді. Елімізде Қазақстанға келешекте инвесторлар үшін әлемдегі аса қолайлы мемлекеттердің біріне айналуға жол ашатын ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мәселен, жүйелі реформалардың бірі — "Астана" халықаралық қаржы орталығы қызметінің құрылымына британдық құқық қағидаларын енгізу және әлемнің үздік стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу ережелерін бекіту», — деді.

Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстандағы Сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон Ұлыбритания мен Қазақстанның инвестициялық жобаларды іске асырудағы, соның ішінде қаржылық қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, тау-кен және азық-түлік өнеркәсібі салаларындағы табысты ынтымақтастығын атап өтті.

Қазақстандық делегацияның жұмыс сапары британдық әріптестермен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізумен жалғасты. Мысалы, іс-шара алаңында «Республикалық маңызы бар ауыз су тарату желілерін салу» жобасы егжей-тегжейлі талқыланды, алдын ала құны шамамен $2 млрд болатын жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізіліп, бастапқы құжаттарға қол қойылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге