Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST»-те Грекиямен инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

«KAZAKH INVEST»-те Грекиямен инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да Грек Республикасындағы Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасының Бірінші вице-президенті, «MorelSteel» компаниясының президенті Константинос Мораитидиспен кездесу өтті. Келіссөздер Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі ұйымдастырған Қазақстанға сапары аясында өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын қарастырып, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің директоры Асель Суанкулова грек бизнесмен әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілік бар екенін атап өтіп, шетелдік серіктестердің инвестициялық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Константинос Мораитидис Қазақстан нарығының әлеуетін жоғары бағалап, өнеркәсіп, көлік және логистика, жасыл технологиялар, агроөнеркәсіптік сектор мен білім беру салаларын қоса алғанда, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атады. Сонымен қатар Қазақстанда грек өнімдерін өндіруді жергіліктендіру және бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мазмұнды диалогты жалғастыруға, сондай-ақ экономикалық әріптестікті нығайтуға бағытталған іскерлік байланыстар мен салалық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын екендерін білдірді.

Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасы Грекиядағы ірі іскерлік қауымдастықтардың бірі болып табылады және ел экономикасының түрлі салаларын танытатын 20 мыңнан астам компанияны біріктіреді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге