Баспасөз релиздері

Берлинде жалпы сомасы $700 млн-ға жұық болатын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді

Берлинде жалпы сомасы $700 млн-ға жұық болатын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді

Қазақстан-Герман бизнес форумы алаңында инвестициялау жөнінде келіссөздерге қол жеткізілді, сондай-ақ, осы форум барысында Linde Gas, SMS Group, CLAAS Group, Masterrind және т.б. компаниялармен серіктестік әлеуеті талқыланды.

Жобаларды іске асыру жөніндегі құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың а.ж. желтоқсан айында Герман Федеративтік Республикасына ресми сапары барысында қол қойылады деп жоспарлануда.

Форум екі елдің іскерлік топтарының 200-ден аса өкілдерін жинады. Іс-шаралар шеңберінде инвестициялық және сауда-экономикалық салалардың әлеуетті жобалары қарастырылды, мүмкіндіктер мен өзара әріптестіктің жаңа горизонттарын жарықтандыру жөнінде міндеттерге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр басшылық еткен Қазақстан делегациясының құрамына мемлекеттік органдар мен ведомствалардың, ұлттық компаниялар мен бизнестің өкілдері кірді.

Форум сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті өзектендіру үшін тәжірибелік алаңға айналды. Сондай-ақ, бұл IoT («интернет заттары»), логистика сияқты қажеттілігі бар бағыттарда әріптестікті дамытуға, инвестиция және сауда-экономикалық қатынас, энергетика, ауыл шаруашылығы кешенін дамыту, геологиялық барлау, экономика, өнеркәсіп пен қалалық инфрақұрылымды цифрландыру және экологияландыру сияқты салаларда екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа тауашаларын жетілдіруге жаңа ырғақ беруге негіз болды.

«Экономикалық дамудың шикізаттық бағытынан кету үшін Қазақстан отандық экономиканы жаңартуға және индустриаландыруға көшті. Индустриалды-инновациялық және «жасыл экономика» базасын құру жаңа саясаттың негізі болды. Бұл тұрғыда жаңа технологиялар мен инновациялар салаларындағы көшбасшы ретіндегі Германия компанияларын серіктестікке тарту қазақстандық кәсіпкерлер үшін міндет болуы тиіс. Цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы құрылатын жаңа салаларды дамыту ерекше өзекті мәселе»,-деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр.

Бүгінгі таңда Германия Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестігіндегі жетекшілердің бірі болып табылады. Соңғы 14 жыл ішінде Германия компаниялары $5 млрд. жуық инвестиция салды. Неміс статистикалық ведомстволарының мәліметі бойынша 2018 жылы тауар айналымы тарихи мәресіне жетіп 5,1 млрд. еуроны құрған.

«Бүгінгі Қазақстан - тиімді бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен әлеует негізі. Қазақстандық өсім болжамы таң қалдырады. Осылайша, ЕҚҚДБ болжамы бойынша 2019 жылы ЖІӨ 3,5%-ға артуы мүмкін. 2020 жылға арналған болжамдар Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы қозғаушы күші екенін көрсетеді. Мұндай даму қазақстан-герман экономикалық қатынастарына оңтайлы ықпал еткеніне қуаныштымыз, мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында біз
2,7 млрд. еуро құрайтын сомада тауар алмастық. Германияның Орталық Азиядағы сауданың 80%-ы бұрынғыдағыдай Қазақстанмен жүргізіледі”,-деп атап өтті Герман экономикасы Шығыс комитетінің мүшесі, «Кнауф» Бас әріптесі Манфред Грундке (Manfred Grundke).

Сонымен бірге, Герман экономикасының Шығыс комитетімен бірлесіп, Мемлекет басшысының сапары барысында қол қойылуы жоспарланған Инвестициялық жобалар тізімімен бірге «Сауда-экономикалық серіктестіктің жол картасының» жобасы әзірленді.

«Бұл форум Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және сараптамалық топтары үшін тиімді алаң болды. Қазақстан инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған реформаларды кезең-кезеңімен өткізуде. Кәсіпкерлермен ашық диалог қамтамасыз етілуді және инвестициялар тарту үшін инфрақұрылым жетілдірілуде. Форум алаңында өткізілген келіссөздердің нәтижесі ретінде, жақын арада жаңа өнеркәсіптер мен бірлескен кәсіпорындардың іске қосылуы болатынына сенімдімін”, - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры Ульф Вокурка.

Бұдан басқа, бүгінгі күні Қазақстанда Германия капиталының қатысуымен 900-ден аса компаниялар қызмет етеді. Қазақстандық кәсіпкерлер осы серіктестікті жаңа жобалар есебінен кеңейтуге мүдделі.

Екі жақ тараптар Қазақстан тұлғасында неміс бизнесі Орталық Азия өңірінде сенімді әріптеске ие екенін атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстан өңірде еуропалық елдердің экономикалық мүдделерінің жол серігі болатынын алға тартты.

Бизнес-форум ҚР Үкіметі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, KAZAKH INVEST қолдауымен және Герман экономикасы шығыс комитетінің, Федералды экономика және энергетика министрлігінің көмегімен ұйымдастырылды.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге