+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Баспасөз релиздері

Астанада «Kazakh Invest»  Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Ресей Федерациясының ҚР Елшісі Алексей Бородавкиннің кездесуі өтті

Астанада «Kazakh Invest»  Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Ресей Федерациясының ҚР Елшісі Алексей Бородавкиннің кездесуі өтті

Астанада «Kazakh Invest»  Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкиннің кездесуі өтті.

Кездесуге, сондай-ақ Ресей Федерациясының ҚР-дағы Cауда өкілі Александр Яковлев қатысты.

Тараптар ЕАЭО аясында елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Кездесу барысында «Kazakh Invest»  басшысы Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес, Ресей Қазақстанға инвестициялау үшін 11 басым елдің қатарына енетінін атап өтті. Ресей тарапына ҚР аумағындағы өзекті инвестициялық ұсыныстарды зерделеу үшін берілді.

Кездесу барысында, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенінің аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі талқыланды.

Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің ақпараты бойынша, ҚР экономикасына ресейлік инвестицияның көлемі шамамен 12 млрд. АҚШ долларын құрады, 50-ге жуық ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Қазіргі таңда, ресейлік компаниялар ҚР Жекешелендіру бағдарламасына қызығушылық танытуда. 

"Ресейлік инвестициялар Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын ашуда. Бұл кәсіпорындар кәсіби-техникалық даярлықтың алдын ала курсынан өтіп жатқан қазақстандық кадрларды оқытуға үлес қосуда", - деп атап өтті кездесу барысында ҚР-дағы РФ Елшісі Алексей Бородавкин.

Тараптар, сондай-ақ Ақтау қ. Бесінші каспий саммиті барысында қабылданған уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар Каспийдегі туристік жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Бұдан басқа, порт шаруашылығын, балық шаруашылығын, кеме қатынасын және т. б. дамытудың перспективалық бағыттары ашылды.

Ресей Елшісі, ағымдағы жылы алдағы бірлескен негізгі іс-шаралар экономикалық ықпалдастықты дамытуға қосымша серпін беретінін атап өтті. Олардың қатарында - Қазан қ. Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы, Астана қ. ТМД Үкімет Басшыларының Кеңесі және Петропавл қ. мемлекет басшыларының қатысуымен XV өңіраралық ынтымақтастық форумы бар.
 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге