Баспасөз релиздері

Түрік инвесторлары ШҚО-да байыту фабрикасын салады

Түрік инвесторлары ШҚО-да байыту фабрикасын салады

Шығыс Қазақстан облысында хромиттерді байыту фабрикасын салу жоспарлануда. Инвестор– Yilmaden Holding түрік компаниясыболмақ (Yildirim Group еншілес компаниясы). Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Геологиялық барлау кезеңінен кейін расталатын өңірдің шикізаттық әлеуетіне байланысты YILMADEN заманауи металлургиялық кәсіпорындарға инвестициялау және шикізатты жергілікті деңгейде қосымшақұны жоғары түпкі өнімге қайта өңдеу туралы мәселені қарайды.

«Хромит кенін байыту кешені құрылысының жобасы– бұл өңірде хромит кенін, концентраттар мен феррохром өндіру бойынша қолданыстағы қызметті қолдау мен кеңейтудің жаңа мүмкіндігі. Инвесторлар хром кенін өз бизнесі үшін де, өңірдегі жаңа инвестициялық мүмкіндіктер үшін де орта мерзімді және ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, бұл компанияға феррохромның жергілікті өндірушісі және экспорттаушысы болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Нартай Бейсеков.

3 жыл геологиялық барлау жұмыстары мен егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін хромиттерді қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде, ол 2 жылға созылады. Кенді қайта өңдеу кешенінің ең аз қуаты шамамен 300 мың тоннаны құрайды. 70-тен астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Анықтама: 

Yilmaden Holding– әлемдегі жоғары сапалы жоғары көміртекті феррохром (HCFeCr) өндірушілерінің жетекші компанияларының бірі. Бүгінгі таңда Yilmadenжоғары сапалы жоғары көміртекті феррохромның екінші ірі өндірушісі және әлемдегі ең ірі хром кенін өндірушілердің бірі болып табылады.

Yildirim Group– металлургия және тау-кен өнеркәсібі, көмір және кокс электр энергиясын өндіру, тыңайтқыштар және химикаттар сияқты салаларда белсенді жұмыс істейтін ірі түрік өнеркәсіптік конгломераттарының бірі. Сондай-ақ Yildirim Group портты басқару, логистика, кеме қатынасы, өнеркәсіптік құрылыс және жылжымайтын мүлік сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейді. Штаб-пәтері Стамбулда орналасқан компанияда 4 континентте 51 елде 12 000-нан астам адам жұмыс істейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге