Баспасөз релиздері

Түрік инвесторлары Қостанай облысында АӨК жобасына инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда

Түрік инвесторлары Қостанай облысында АӨК жобасына инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда

"Konuklar Bakliyat" компаниясының түрік кәсіпкерлері Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобасына инвестиция салмақ. Инвесторлар өз ниеттері туралы Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстанға сапары аясында хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, компания майлы және бұршақты дақылдарды өңдеу, тазалау және қаптау кешенінің құрылысына шамамен $3 млн инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда.

"Бұл жоба - түрік тарапының бастамасы. Инвесторлар жасыл және қызыл жасымық, нұт, үрмебұршақ, күнбағыс және т.б. өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл компания Еуропа, Таяу Шығыс нарығында кеңінен ұсынылған және экспорттың тұрақты арналары бар. Сондықтан да бұл жоба табысты әрі экспортқа бағдарланған жоба бола алады", - деп хабарлады "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік директоры Абылай Молдағұлов.

Бастапқы кезеңде жоба жылына 22 мың тонна өнімді қайта өңдеуді көздейді. Егер сұраныс артып, сапалы шикізат болса, инвестор жобаға инвестицияларды бірнеше есе арттыруға және өндірісті кеңейтуге дайын.

Түрік инвесторларының аймақ басшылығымен кездесуі барысында жобаны іске асыру шарттары талқыланды. Сондай-ақ, инвесторға ауыл шаруашылығын қолдау тетіктері мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Сонымен қатар, делегация облыс әкімдігінің қолдауымен өңірдің іскер топтар өкілдерімен кездесті. Келіссөздер нәтижелері бойынша тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Анықтама: "Konuklar Bakliyat" компаниясы 1980 жылы құрылған. 1990 жылы жоғары сапалы өнімін шығару арқасында компания Түркиядағы жасыл жасымық пен ноқаттың жетекші жеткізушілерінің бірі болды. Сонымен қатар, компания 2002 жылы Мерсин қаласында бұршақ дақылдары бойынша әлемдегі ең маңызды порттардың бірінде екінші филиалын ашты. Қазіргі уақытта компания Еуропа, Орта Азия, Солтүстік Африка және Таяу Шығысқа жасымық, асбұршақ, жүгері, тұқым және ірі бұршақ, булгур және бидай сатады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге