Баспасөз релиздері

Түрік инвесторлары СҚО-да $17 млн болатын жасымық өңдеу зауытын салмақ

Түрік инвесторлары СҚО-да $17 млн болатын жасымық өңдеу зауытын салмақ

ARMADA FOODS компаниясының түрік инвесторлары Солтүстік Қазақстанда жасымықты қайта өңдеу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда. Саланың әлеуетімен танысу мақсатында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға сапарын ұйымдастырды. Сапар барысында инвесторлар өңірдің инвестициялық ахуалымен және Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Жоба қуаттылығы жылына 100 мың тонна дайын өнім шығаратын жаңа зауыт салуды көздейді. Кәсіпорында шикізатты қайта өңдеуді және жарма орауды ұйымдастыру және одан әрі Түркияға, Иорданияға, Ливанға және Еуропа елдеріне экспорттау жоспарлануда. Жоспарланған инвестиция сомасы $17 млн.

«Солтүстік Қазақстан – еліміздің мықты аграрлық өңірлерінің бірі және жасымық өсіру бойынша көшбасшы. Біз жергілікті түрік бизнесмендерімен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және облыс басшылығымен өте пайдалы кездесулер өткіздік. Бізге арнайы экономикалық аймақтың тәртібі ұнайды. Біз жобаны егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді ARMADA FOODS негізін қалаушы Сайгин Сонмез.

Инвесторлар «Qyzyzljar» АЭА аумағында жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда, бұл инвесторларға салық жеңілдіктері мен бірқатар преференциялар алуға мүмкіндік береді.

«Соңғы ай ішінде біз осы компаниямен келіссөздер жүргізіп, ақпарат алмасып, туындаған барлық сұрақтарға жауап бердік. Келіссөздер, әдеттегідей, бейне байланыс арқылы жүргізілді. Бүкіл әлемдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, біздің өңірге ірі инвестордың келуін ұйымдастыра алдық. Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігіне инвестициялар тартуға, инвесторлармен келіссөздер жүргізуге белсенді көмек көрсеткені үшін жеке алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті KAZAKH INVEST Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Данияр Шалабаев.

Бүгінгі күні инвесторлар Түркияда дәнді-бұршақты және дәнді дақылдарды өсіру бойынша ең заманауи зауыттардың біріне ие. Зауыт 40 мың м2 алаңда орналасқан және 26 мың м2 көлденең қойма алаңы мен сыйымдылығы 33 мың тонна 5 тік силосы бар.

Анықтама: Armada Foods 1993 жылы құрылған. Бұршақ, астық, органикалық, жемшөп және майлы дақылдар сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен, импорттаумен, экспорттаумен және транзитпен айналысады. Armada Foods 74 елден келген жеке сектор кәсіпорындарымен, мемлекеттік мекемелермен және халықаралық азық-түлік ұйымдарымен жақсы іскерлік қарым-қатынаста. Компания ISO 9001, ISO 22000, Kosher, Halal, IFS, FDA, EU Organic, NOP Organic, Ohsas және Sedex сертификаттарына ие.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге