Баспасөз релиздері

Тай компаниясы балық өнімдерін өндіруді ашуға мүдделі

Тай компаниясы балық өнімдерін өндіруді ашуға мүдделі

Ағымдағы жылдың 14 тамызында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Sea Value Plc.» Тай компаниясының Доктор Поджа Арамваттананонта президентімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда консервіленген, өңделген балық өнімдерін, мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіретін зауыт құрылысын іске асыру мәселелерін талқылады. Өндіріс үшін шикізатты жергілікті балық шаруашылығы жеткізеді, ал дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады деп күтілуде.

Тай1.jpeg

Алдын ала инвестиция көлемі $6 млн құрайды, ал өндіріс қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Алдағы уақытта компания ҚР аумағында өндірілетін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Sea Value жер учаскесін іздеумен айналысады.

Ғ. Оспанқұлов Тай инвесторларына ҚР инвестициялық ахуалы және мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың артықшылықтары мен АӨК саласындағы преференциялар туралы айтып берді. Төраға Тайланд делегациясына сапары үшін алғысын білдіріп, инвестициялық жобаларды іске асыруда одан әрі ынтымақтастыққа ұмтылысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Sea Value және KAZAKH INVEST өкілдері АӨК және тамақ өнеркәсібіндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, KAZAKH INVEST және Kazakh Thai Alliance арасында екіжақты инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Тай3.jpeg

Sea Value – Таиландтағы екінші ірі консервіленген тунец өндірушісі және оның өнімдері әлемнің 150 еліне экспортталады. Компанияның Францияда қайта өңдеу зауыты және Нидерландыда филиалы бар. 2023 жылы компанияның кірісі $847 миллион құрады.

Тай4.jpeg

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге